Page 158 -
P. 158
textbooks nis edu kz
Республика мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын
басқару түрі.
Рифт жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстардың жиынтығы.
С
Сандық деректер санмен берілген кез келген географиялық нысан немесе көрсеткіштер.
Сарқырама өзен арнасының тік жартасты биік бөлігінен судың төмен құлауы.
Сапалық деректер географиялық нысанды немесе құбылысты сипаттайтын деректер.
Сауалнама нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі.
Саяси интеграция түрлі мемлекеттер мен басқа саяси күштерді бірігуге, олардың әрекеттерін
үйлестіруге және жақындауына әкелетін саяси үрдіс.
Статистика бұқаралық ақпаратты сандық формада жинақтау, өлшеу, мониторинг жүргізу,
талдауға негізделген ғылым саласы.
Суайрық өзендердің су ағынын түрлі жаққа бағыттайтын қырат.
Су режимі өзен, көл, батпақ суының деңгейі мен көлемінің өзгеруі.
Су шығыны арнаның көлденең қимасы арқылы белгілі мерзімде ағып өткен судың көлемі.
Су электр станциясы судың механикалық энергиясын электр энергиясына айналдыратын станция.
Суды қорғау су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге, сақтауға бағытталған
әрекеттер.
Суқойма жер бедерінің суға толы табиғи немесе жасанды ойысы.
Т
Табиғат ескерткіштері ғылыми, тарихи, мәдени-эстетикалық мәні зор табиғат нысандары.
Тақырыптық карталар белгілі бір тақырыпқа арналған карта.
Тау жотасы әдетте бір-біріне жалғаса, ондаған, кейде тіпті жүздеген километрге дейін
созылып жататын, жалғаса тізіліп жатқан таулар.
Тау жүйесі шығу тегі ортақ, тізбек түзе орналасуы белгілі бір заңдылыққа бағынатын тау
жоталары, тау тізбегі, тау сілемі, тау торабы, таулы қыраттар, тауаралық және
тауалды ойпаңдарының жиынтығы.
Тау торабы бірнеше тау жоталары келіп түйісетін жер.
Теократтық монархия мемлекет басшысы діни жетекші қызметін атқаратын монархия түрі.
Террикон кенді өндіру барысында қалған қалдықтардың конустық формада үйілуі.
Тура радиация жерге бұлтсыз ашық жағдайда атмосферадан тура өтіп жететін күн сәулесі.
бір жылда тірі туылғандар мен қайтыс болған адамдардың жалпы санының
Туу, өлу коэффициенттері халық санына қатынасының промиллемен көрсетілген демографиялық
көрсеткіші.
Тұйық көл ешқайда ақпайтын көл.
Тұман ауаның жер бетіне іргелес қабатында өте майда су тамшыларының жинақталуы.
өнеркәсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы; құрамы
Тұмша
түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль.
У
Унитарлы мемлекет бүкіл елде тең жүретін біртұтас конституция, заңды күші ел аумағына
таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі.
Ұ
Ұлттық табиғи саябақтар табиғатты қорғаумен қатар, ғылыми-ағарту, мәдени-эстетикалық бағытта да
пайдалануды жүзеге асыратын жерлер.
температурасының кенет 0 С-тан төмен түсіп кетуі.
Ү
Үсік тәуліктік орташа температура тұрақты оң болып тұрған кезде ауа
0
Ф
Фабрика жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын дайындайтын кәсіпорын.
Фауна биосфераны құрайтын жануарлар дүниесі.
Федерациялы мемлекет құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірліктер белгілі бір саяси және
экономикалық дербестікке ие мемлекет.
158

