Page 157 -
P. 157
textbooks nis edu kz
Көлік инфрақұрылымы жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салалар.
Көші-қон полициясы басқа мемлекеттерден қанша азаматтар келді немесе басқа мемлекеттерге
кетті, олардың орын ауыстырудағы мақсаттарын анықтайтын, тіркейтін орган.
Қ
Қалқан ежелгі платформалардың негізін құрайтын қатты кристалды жыныстардың жер
бетіне ашық шығып жатқан бөлігі.
Қатпарлы таулар орқашты бөліктерінен қатпарлы бөліктері басым таулар.
Қашықтықтан зерделеу (зондтау) жер бетін әртүрлі түсіруші құрал-жабдықтармен жабдықталған әуелік және
ғарыштық құрылғылармен бақылау, түсіру.
Қорық ерекше қорғауға алынған аумақ.
Қорықша өсімдіктер мен жануарлар санын қалпына келтіру және де басқа шаруашылық
мақсаттар үшін уақытша қорғауға алынатын аумақ.
Қышқыл жаңбыр ауа құрамында өндіріс қалдықтары (SO , NO , HCl), газдар мөлшерінің көбеюі
2 2
салдарынан жаңбыр құрамында қышқылдың пайда болуы.
М
Миграция қоныс аудару үдерісі.
Минералды сулар құрамында адам ағзасына қажетті әртүрлі элементтер бар сулар.
Модельдеу нысандарды, үдерістерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың
сұлбасын (макеттерін) жасау.
Монархия өкімет билігі бір ғана адамның қолында болатын, атадан балаға мұра етіп
берілетін басқару жүйесі.
Мосс шкаласы түрлі минералдардың салыстырмалы қаттылығын анықтайтын он баллдық
шкала.
Муссон қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын желдер
бағыты.
Мұздық қатты күйде түсетін жауын-шашынның жинақталып, құрлықта түзілетін көп
жылдық қабат.
Н
Нектон мұхит сулары мен оның орта бөлігінде еркін жүзіп тіршілік ететін ағзалар.
Номенклатура белгілі бір салада, пәнде қолданылатын терминдер тізімі.
О
Озон тесігі озон концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістік.
Органикалық үгілу бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар және т.б. ағзалардың әсерінен тау
жыныстарының бұзылуы.
Орография жер бедерінің шығу тегін, түзуші факторларды және даму тарихын қамтымай,
тек сыртқы көріністерін ғана сипаттау.
Ө
Өзен өзі жасап, өңдеген арнамен ағатын табиғи су ағыны.
Өзен алабы өзенге су жиналатын аймақ.
Өзен аңғары өзеннің әрекетінен пайда болатын бедер.
Өзен аңғары өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған жерлер.
Өзен сағасы өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері.
Өндірістік емес сала материалдық игіліктерді тікелей өндірмейтін салалар кешені.
Өндірістік сала материалдық өнімдерді өндіретін салалар кешені.
Планктон жер қойнауында кездесетін табиғи минералды заттар.
П
Пайдалы қабалар
Солтүстік және Оңтүстік жартышарлардың жоғары қысымды аймақтардан
Пассат
экваторға қарай жыл бойы соғатын тұрақты желдер.
Платформа су бетіндегі жүзбе ағзалар.
жер бетінің тұрақты бөлігі.
Р
Рекреациялық ресурстар адамның денсаулығын қалпына келтіретін, туризм индустриясында
қолданылатын табиғи, табиғи-техникалық, әлеуметтік-экономикалық кешендер
жиынтығы.
157

