Page 155 -
P. 155
textbooks nis edu kz
Глоссарий
А
Абсолютті монархия басқарушы (монарх, император, король, герцог, сұлтан) билігіне шек
қойылмайтын билік.
Ағыстың жылдамдығы өзен суының белгілі бір уақытта өткен жолы.
Антропогендік географиялық нысан адамның мақсатты өзгерту салдарынан қалыптасқан нысан.
Аңғар беткейі өзен аңғарының екі жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі өзен арнасына
бағытталған көлбеу жазықтық.
Аңғарлардың морфологиялық арна, жайылма, терраса, аңғар жағалауындағы беткейлер.
элементтері
Арна өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең терең бөлігі.
Артезиан суы тау жыныстарының су өткізбейтін қабаттар арасындағы жерасты суы.
Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйінде түсетін ылғал.
Атырау ірі өзендердің мұхитқа, көлге немесе шығанаққа құяр сағасы.
Ауа массалары біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығы.
АХАЖ (ЗАГС) нәрестенің дүниеге келуі, азаматтардың некеге отыруы, қайтыс болған адам
санын және т.б. тіркейтін орган.
Ә
Әлеуметтік инфрақұрылым халыққа қызмет көрсететін және халықтың күнделікті тұрмыс жағдайын
жақсартатын салалар.
Б
Баламалы энергетика дәстүрлі энергия көздеріне (көмір, мұнай, газ) қарағанда энергия өндірісінде
сарқылмайтын ресурс түрлерін пайдалану.
Банк жүйесі нарықтық экономикадағы шаруашылық субъектілерінің арасындағы ақша
айналымын ұйымдастыратын ұйымдардың жиынтығы.
Белдеулік уақыт бір сағаттық белдеу ішіндегі уақыт.
Бентос топырақта және суқойма түбінде тіршілік ететін жануар және өсімдік
ағзаларының жиынтығы.
Биосфера тірі ағзалар тіршілік ететін ерекше қабат.
Биіктік белдеулік биіктіктің артуына қарай тауларда табиғат жағдайының өзгеруі.
Бриз теңіздердің, ірі көлдердің жағасында күндіз құрлықтан суға, түнде судан
құрлыққа қарай соғатын желдер.
Булану судың сұйық күйден газ күйіне айналып, атмосфераға таралуы.
Буланушылық су қоры шексіз болған жағдайда булану мүмкіншілігі.
Бұлт атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің
шоғыры.
Г
Геоақпараттық әдістер географиялық ақпараттарды жүйелі жинақтау, сақтау, талдау және көзбен
шолып байқау.
Географиялық белдеулер географиялық қабықтағы ең ірі зоналар.
Геосинклиналь биосфераны түгел қамтитын беткі қабық.
Географиялық зерттеу әдістері географиялық ақпаратты алу және оны өңдеу.
Географиялық қабық
атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғары қабаты, гидросфера мен
Географиялық нысан
Жердің бетінде таралған кез келген элемент.
Геоморфология
жер бедерін зерттейтін ғылым.
белгілі бір жыл немесе маусым ішінде өзен суы шығынының өзгеру сипатын
Гидрограф жер бетінің ең қозғалмалы бөлігі.
көрсететін график.
Гидрология гидросферадағы табиғи суды, онда жүретін құбылыстар мен үдерістерді,
олардың даму заңдылықтарын зерттейтін географиялық ғылым.
155

