Page 159 -
P. 159
textbooks nis edu kz
Ферма ет және жұмыртқа бағытындағы құстарды, ірі қара және ұсақ малдарды
өсіру әрі ұстау үшін, сонымен қатар ет, жұмыртқа, жүн, тері сияқты ауыл
шаруашылығы мал өнімдерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жеке кәсіпорын.
Физикалық үгілу температураның өзгеруі мен ылғалдың әсерінен тау жыныстарының жарылуы,
бөлінуі.
Флора биосфераны құрайтын өсімдіктер әлемі.
Х
Халықаралық экономикалық елдердің бірлескен экономикалық іс-әрекеті барысында экономикалық
байланыстар ресурстармен айырбасына алып келетін сауда, өндірістік, ғылыми-техникалық,
қаржы байланыстары.
Халықтың механикалық өсімі белгілі бір уақыт аралығында көшіп келгендер мен көшіп кеткендер санының
айырмасы.
Халықтың табиғи өсімі белгілі бір уақыт аралығында туылғандар мен қайтыс болғандар саны
арасындағы айырманың абсолюттік шамасы.
Халықтың ұдайы өсуі адамзаттың саны, жасы және жыныстық құрамының үздіксіз жаңарып отыруын
қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығы.
Химиялық үгілу су түбіне тау жыныстарының тұнуы және шайылуы нәтижесінде химиялық
реакциялардың жүруінен тау жыныстары құрамының өзгеріске ұшырауы.
Ш
Шашыранды радиация күн сәулесінің ауа қабатынан өткенде ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне
шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.
Ы
Ырғақтылық белгілі бір құбылыстың уақыт ішіндегі мерзімділігі мен қайталануы.
Э
Экзогендік күштер жер қабығында болып тұратын өзгерістерді туғызатын сыртқы күштер. Оларға
су тасқыны, жел, әсіресе күн энергиясы, қар көшкіні секілді табиғи құбылыстар
жатады.
Экономикалық инфрақұрылым шаруашылық пен өнеркәсіптің дауына қажетті жағдайларды тудыратын
салалар.
Экономикалық интеграция мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық.
Эндогендік күштер энергияның радиоактивті бұзылуының әсерінен түзілетін жердің ішкі күштері.
Бұл жанартау атқылауын, жер сілкінуін, жер қабығының тектоникалық ауысып,
жылжуын туғыза отырып, жер беті құрылысының негізгі формасына үлкен әсер
етеді, сөйтіп экзогендік үдерістердің де жалпы қалпына әсер етеді. Ол – жер
астында болатын күш.
Эолдық үдерістер жел әсерінен жүретін геологиялық үдерістер.
Эрозия жер бетінің немесе топырақ қабатының жел немесе су әсерінен бұзылуы.
3D модельдеу үш өлшемді графика. Үш өлшемді графика ғылыми есептеулерде, инженерлік
жобалауда және физикалық-географиялық нысандарды компьютерлік үлгілеуде
кеңінен қолданылады.

