Page 156 -
P. 156
textbooks nis edu kz
Гумус, қарашірік топырақ құрамындағы шіріп ыдыраған қара қоңыр түсті органикалық заттар.
Д
Декреттік уақыт электр қуатын үнемдеу және жарықты толығымен пайдалану үшін сағат ілгері
немесе кейінге шегерілетін уақыт.
Делювий жел әсерінен бұзылған тау жыныстарының жауын-шашын әсерінен шайылып
кетуі.
Демография белгілі бір халықтың санын, құрамы мен құрылымын зерттейтін әлеуметтік
ғылым саласы.
Демографиялық проблема халық санының өсуіне немесе кемуіне байланысты туындаған проблемалар.
Демографиялық саясат халық санын мемлекет тарапынан басқару.
Денудация үгілген жыныстардың сыртқы күштер әсерінен басқа жаққа ұшырылуы,
шайылуы.
Дүниежүзілік экономика халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген ұлттық экономиканың біртұтастығы.
Е
Еркін экономикалық аудан салықтан босатылған ел аумағының бір бөлігі.
Ж
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің құны; бірақ мұның ішіне
шетелде тұратын азаматтар алған кірістер де енеді.
Жалпы халықтық өсім халықтың табиғи өсімі мен механикалық өсімінің айырмасы.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) адам басына шаққанда бұл елде бір жыл ішінде өндірілген тауарлар мен
қызметтердің жалпы құнын осы елде тұратын халық санына бөлгендегі
көрсеткіш.
Жел ауаның жер бетінде горизонталь бағытта қозғалуы.
Жер бедері жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген
пішіндерінің жиынтығы.
Жерасты сулары жер қыртысының жоғары қабаттарына сіңген сулар.
Жергілікті уақыт меридиандағы белгілі бір мезгілдегі уақыт.
Жылыжайлық әсер атмосфераның құрамы мен жағдайы; ғарыш пен жер арасындағы сәуле, жылу
алмасу үдерісіндегі өзгеріс.
З
Зат айналымы тау жыныстарының магма арқылы сыртқа шығып, сыртқы күштер әсерінен
бұзылып, жердің терең қойнауына қайта батуы.
Зауыт техникалар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны.
И
Инвестиция табыс алу, меншікті капиталын молайту үшін салатын қаражат.
Интеграция ұйымдастырудың, салалардың, аймақтардың, елдердің бірігуі.
Инфрақұрылым экономика және адамдарға қызмет ететін шаруашылық салаларының
жиынтығы.
К
Камералық өңдеу географиялық ақпаратты өңдеу, жүйелеу және қорытындылау.
Картография географиялық карталарды кескіндеу және құрастыру, пайдалану әдістерін
зерттейтін ғылым.
Карьер пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру барысында қазбаларының қалдығы.
Кескін карта шартты белгілер арқылы кез келген географиялық нысандарды, құбылыстарды,
үдерістерді, оқиғаларды көрсететін географиялық картаның ерекше түрі.
Климат белгілі бір жердегі ауа райының көпжылдық жай-күйі.
Климатология климат және оның типтері, қалыптасуы, жер бетінде таралуы және уақыт
бойынша өзгеруі туралы ғылым.
Конституциялық монархия басқарушы (монарх, император, король, герцог, сұлтан) билік елдің
конституциясымен шектелген.
Конфедерация мемлекетті басқаруда белгілі бір мақсатқа жету жолында жекелеген елдердің
егемендігін сақтай отырып бір тудың астына бірігуі.
Көл табиғи қазаншұңқырда, ойыста орналасқан су айдыны.
156

