Page 5 -
P. 5
textbooks nis edu kz
Кіріспе
Құрметті оқушы!
Ұсынылып отырған оқулықта қоршаған ортаның біртұтастығы, оның аумақтық алуан-
түрлілігі, өзіне тән ерекшеліктері және адамзат алдында тұрған күрделі мәселелер қарас-
тырылады.
Оқулықта табиғатты, халық пен шаруашылық арасындағы байланысты және олардың
өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын мәселелерді зерттеуге арналған тапсырмалар
ұсынылды. Құрылымы жағынан географиялық білім жергілікті және ғаламдық деңгейлерді
қамтиды, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық сипатқа ие мәселелердің
шешімін табуға, географиялық заңдылықтарды түсінуге және шешуге мүмкіндік береді.
Оқулық мазмұны 6 тараудан тұрады. Олар: географиялық зерттеу әдістері, картография
және географиялық деректер базасы, физикалық география, әлеуметтік география, эконо-
микалық география және елтану (саяси география).
Оқулықтың басты мақсаты – географиялық бейнені тұтас қабылдайтын, географиялық
ойлау қабілеті дамыған және географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу. Демек, оқу-
лық «адам–қоғам–табиғат–мәдениет» жүйесіндегі өмірлік құндылықтарды меңгеруге, өз
көзқарастарын дәйектей отырып дәлелдеуге, түрлі үдерістер мен құбылыстар арасындағы
байланыстарды танып, оның маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл оқулықта қызықтыратын сұрақтарға, оқиғалар мен жағдаяттарға өз бетіңше жауап
табуға мол мүмкіндік берілген. Сен өз бетіңмен іздену арқылы сол жағдайлардың барлығын
басыңнан өткере аласың. Оқулық мазмұнын басшылыққа ала отырып, білу, түсіну, қолдану,
талдау, бағалау дағдылары арқылы географиялық біліміңді жетілдіріп, жұмыс барысында
пайдалануды игеріп шығасың.
Оқулықтағы «Біліміңді шыңда» айдарымен берілген сұрақтар мен тапсырмаларға нақ-
ты дәлелдер мен мысалдар келтіре отырып, жауап іздеу арқылы біліміңді толықтырасың.
Географияның екінші тілі болып есептелетін құрал – карта оқулықта маңызды орын
алады. Осы орайда, әмбебап мақсат ретінде барлық тақырыптарда картамен жұмыс қам-
тылып отырды. Картамен жұмыс жасау арқылы географиялық мәдениетіңді арттырасың,
картаны қолдануға дағдыланасың, сондай-ақ кез келген ел мен түрлі нысандарды картадан
табу және оған талдау жасау арқылы географиялық білімің толыға түседі.
«Мен зерттеушімін» айдарында құбылыстар мен түрлі жағдайларға зерттеу жүргізе
отырып, зерттеушілік дағдыңды жетілдіресің және сол арқылы өзіңді қызықтарын сұрақ-
тарға жауап таба аласың.
«Сен білесің бе?» айдарындағы мәліметтер маңызды болып табылады, себебі ол білі-
міңді көтеріп қана қоймай, оны бекітуге және дамытуға мүмкіндік береді. Географиялық
білім арқылы жергілікті және ғаламшарлық проблемаларды қатар шешіп отыруға болады.
Оқулық мазмұнында жаңартылған статистикалық мәліметтер мен деректер жүйелі беріл-
ген, суреттер мен сандық мәліметтер, кестелер, диаграммалар, яғни графикалық сызбалар
оқулықтың мазмұнын толықтырады және өз кезегінде тақырыптардың мақсатын ашуға
негіз болады. Бұл арқылы сен теориялық білімің мен практикалық дағдыңды ұштастыра
пайдалануға, жергілікті, аймақтық және ғаламдық мәселелерді шешуге қол жеткізе аласың.
Оқулықтағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жұмыс істеуге
берілген тапсырмалар коммуникативтік құзыреттілігіңді арттыруға көмектеседі. Ауқымды
түрде қарастырылып отырған физикалық және экономикалық біліммен қатар, сен өзге
пәндер бойынша да жинақтаған біліміңді пайдалана отырып, ғаламдық деңгейде ойлауға,
өзіңді әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік аласың.
5

