Page 10 -
P. 10
textbooks nis edu kz
Қашықтықтан зерттеу әдісі – ХХ ғасырдағы ғылым мен
техникадағы жетістіктердің бірі. Бұл дәстүрлі әдісті біршама
өзгертті. Қашықтықтан зерттеудің ерекшелігі – бақылаушы
(өлшеу құралы) қашықтықта орналасады. Оған зерттеу ны-
санының қашықтықтан түсірілген аэроғарыштық суреттері
жатады. Қашықтықтан зерттеу кезінде зерттелетін нысанның
қамтылатын аймағы кеңейіп, жан-жақты қарастыруға мүм-
кіндік туындайды. Зерттеу нысанын қашықтықтан әртүрлі
жерсеріктер суретке түсіреді.
Тапсырма 3-суретте қашықтықтан түсірілген сурет берілген. Қашықтық- 3-сурет
тан түсірілген аэрофотосурет пен 4-суреттің екі айырмашылығын анықта.
Мен зерттеушімін
Қазақстанның көрікті жері – Іле Алатауын зертте.
Зерттеу жоспары
1. Іле Алатауына далалық, камералық, тәжірибелік зерттеу әдіс терінің қайсысын қолданар едің?
2. Теориялық әдісті қалай қолдануға болады?
3. Зерттелетін нысан картасын қолданып, географиялық орнын, координатасын, биік шыңын және т.б.
көрсеткіштерін анықта.
4. Зерттелетін нысан туралы ақпараттарды қайдан алғаның туралы сілтемелер бер (кітап, журнал, мақала,
интернет ресурстары және т.б.).
Сенің кезегің
1. Далалық зерттеудің басқа зерттеулерге қарағанда ерекшелігі неде?
2. Географиялық зерттеу әдістеріне тағы қандай әдісті қосар едің? Бір әдісті ата. Неге? Себебі?
3. Географиялық зерттеу әдістерін басқа қандай пәндерде қолдануға болады? Жауабыңды дәлелде.
4-сурет. Іле Алатауы
10

