Page 8 -
P. 8
textbooks nis edu kz
1.2 Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері
География ғылымының салалары көптеген зерттеулер
мен тәжірибе арқылы қалыптасып дамыды. Қазіргі кезде Сен:
география ғылымында зерттеу әдістері өте көп. География- географияның зерттеу әдіс-
терін (далалық, картография-
лық зерттеу әдістерін оқып білу географиялық нысанды не- лық, теориялық, қашықтықтан
месе аймақты кешенді зерттеу үшін маңызды болып табы- зерделеу) білетін боласың.
лады. Зерттеу әдістері ғылымның, технологияның, қоғамның
дамуына байланысты дамып, өзгереді. Қазіргі кезде геогра-
фиялық зерттеу әдістерінің дәстүрлі және заман талабына
сай жаңа түрлері қолданылады.
Дәстүрлі Жаңа
бақылау қашықтықтан зерттеу
картографиялық географиялық болжам және модельдеу
статистикалық геоақпараттық әдістер
тарихи және салыстыру
Географиялық зерттеу әдістерін бұдан
басқа үш түрге бөліп қарастырамыз.
1-түрі – далалық: географиялық нысан-
дар далалық жағдайда зерттеледі. Геогра-
фиялық нысанды барып көру, суретке түсі-
ру, көргенін сипаттап жазу (мысалы: тауды,
көлді, өзенді, халықты және т.б.) жұмыстары
жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу экспедиция-
лары, станциялары мен зертханалар геог-
рафиялық қабықта жүріп жатқан үдерістер
туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
? 1-суретте далалық зерттеу әдісі көрсетілген.
Бұл суретте арнайы құрал-жабдықтармен қандай
жұмыстар жасауда? Сипаттап бер. 1-сурет. Далалық зерттеу жүргізуге арналған құралдар
Бұл зерттеудің география пәні үшін қандай
маңызы бар?
2-түрі – камералық. Латын тілінен аударғанда «camera» –
«бөлме» дегенді білдіреді. Бұл әдіс барысында географиялық
ақпарат өңделіп, жүйеленеді және қорытынды шығарылады.
Камералық әдіс арқылы географиялық құбылыстардың мәні
мен олардың даму заңдылықтары анықталады.
3-түрі – тәжірибелік. Бұл әдіс арқылы ғалымдар әртүрлі
2-сурет. Теодолит құралы арқылы
тәжірибе жүргізе отырып, болжамдарының қаншалықты топографиялық түсірілім жасау
8

