Page 206 -
P. 206

Қорытынды



                                                   Құрметті оқушы!

              Оқу жылы аяқталғанда сен көп жетістікке жеттің. Енді химия заңдары туралы жақсы білім меңгеріп,
           жеткілікті түсінік алдың.
              9-сынып курсында бейорганикалық химия негіздерін оқып білдің, бейорганикалық қосылыстар клас-
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           тарының арасындағы генетикалық байланыс туралы түсінік алдың. Бұл бір затты басқасынан алуды бол-
           жауға мүмкіндік берді.
              Сулы ерітінділердегі реакцияларды зерттей отырып, ерітінділердегі металдар мен қышқыл қалдықта-
           рының иондарын, сондай-ақ химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін анықтауды үйрендің.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
              Атом құрылысы мен химиялық элементтің периодтық кестедегі орнын біле отырып, қарапайым зат-
           тардың қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын анықтадың. Өзіңе белгісіз қосылыстардың қасиеттерін бол-
           жауды үйрендің. Кристалдық тор типі заттардың химиялық қасиеттеріне қалай әсер ететінін дәлелдедің.
              «Радиохимия»  тарауында  химиялық  бөлінбейтін  атомдар  ядролық  реакциялар  кезінде  басқа  эле-
           менттердің атомдарын түзуі мүмкін екенін білдің.
              Оқулықта экология, Қазақстанның табиғат байлықтарын сақтау және көбейту проблемалары туралы
           мәліметтер берілді. Ол қоршаған әлемді жақсы танып білуге көмектесті.
              «Химия» пәні жаратылыстану ғылымдары цикліне жатады. Сондықтан көптеген сұрақтар биология,
           математика, физика және география сияқты пәндермен тығыз байланыста қарастырылды. Мысалы, «Ме-
           талдар мен құймалар», «Кремний химиясы» деген тарауды оқып білген кезде саған физика, математика,
           география курстарынан меңгерген білімің қажет болды. «Адам ағзасындағы химиялық заттар» тарауын
           оқып білген кезде биологиядан меңгерген біліміңді қолдандың.
              Сен химиялық зерттеулер, зертханалық және практикалық жұмыстар жүргізуді үйреніп қана қоймай,
           құбылыстар мен заттардың химиялық қасиеттерін болжауды әрі айтуды үйрендің. Өзіңнің және басқа
           оқушының жұмысын бағалауды үйрендің.
              Сен талқылауды және ойлануды, сыни сұрақтарды қоюды, іс-әрекет алгоритмін құруды, қорытынды
           жоба жасау үшін уақыт пен ресурсты пайдалануды үйрендің.
              Қызықты әрі танымдық ғылымды оқып білу осымен аяқталған жоқ. Алда көптеген қызық әрі тартым-
           ды әсерлер күтіп тұр. Енді сен өз біліміңді, білігің мен дағдыңды әртүрлі жағдаяттарда қолдана аласың.

































           206
   201   202   203   204   205   206   207   208