Page 40 -
P. 40
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ? Сутектен басталатын бірінші периодтан басқа әрбір период
сілтілік металдан басталады. Атомдық нөмір артқан сайын ядро-
Бірінші инертті газ – ар-
гон 1894 жылы ашылған дағы протон саны артады, сыртқы деңгей электрондары ядроға
сәттен және осы топтың күшті тартылады, атом сығылады, атом радиусы кішірейеді.
басқа өкілдері ашылған Период бойынша жылжыған кезде атом радиусы кішірейген
кезден бастап элементтер сайын металдық қасиет кемиді, бейметалдық қасиет күшейеді.
ұзақ уақыт периодтық кес-
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
теге енгізілмеді. 1903 жылы Периодтық кестеде элементтер
Д.И. Менделеев «0» деген
топты қосып, периодтық қосылыстарының қасиеттерінің өзгеруі
кестеге өзгеріс енгізді. Ға- Д. И. Менделеевтің периодтық заңы: элементтердің және
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
лым бұл элементтер тө-
мен химиялық белсенділік олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері ядроларының
(«нөлвалентті» элементтер) зарядына периодты тәуелділікте болады.
көрсеткендіктен осындай Әрбір период негіздік оксидтер мен сілтілер түзетін сілтілік
атау берді. металдан басталады. Содан кейін негіздік оксид пен ерігіштік
дәрежесі әртүрлі негіздер түзетін сілтілік-жер металдары орна-
ласады. Сосын екідайлы оксид пен гидроксид түзетін екідайлы
элементтер орналасады. Әрі қарай қышқылдық оксидтер мен
қышқылдар түзетін бейметалдар тұрады. Периодты қалыпты
жағдайда әрекеттесуге тырыспайтын инертті газдар аяқтайды.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Реттік нөмірі 11 болатын химиялық элементтің ядродағы протон саны … болатын элементпен
химиялық және физикалық қасиеттері ұқсас.
a) 19; ә) 4; б) 13; в) 10.
2. Элементтер мен олардың қосылыстарының көптеген қасиеттерін периодтық кестедегі элементтің
орны бойынша болжауға болады. Қандай қасиеттерін болжауға болмайды?
a) оксидтің негіздік немесе қышқылдық сипаты;
ә) оксид формуласы;
б) элемент изотоптарының саны;
в) элементтің металдық немесе бейметалдық қасиеттері.
3. Периодтық кестеде төменде төрт химиялық элемент орналасқан. Z элементінің балқу температу-
расы жоғары, электрөткізгіштігі жақсы, құрамы ZCl болатын хлорид түзеді. Z элементін анықта.
2
A B D
C
4. X, Y және Z – периодтық кестенің бір периодының элементтері. X – қышқылдық оксид, Y – негіздік
оксид, Z – екідайлы оксид түзеді. Егер X, Y және Z элементтерін атомдық нөмірінің өсу ретімен
орналастырса, қандай рет дұрыс болады?
a) X, Y, Z; ә) X, Z, Y; б) Y, X, Z; в) Y, Z, X.
40

