Page 36 -
P. 36

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
             1.  Периодтық кестеде бейметалдар орналасқан элементтердің екі тобы бар. Оларды ата. Элемент-
                 тердің орнын периодтық кестедегі блоктар бойынша сәйкестендір: сілтілік металдар, сілтілік-жер
                 металдар, ауыспалы металдар, актиноидтар, лантаноидтар, бейметалдар, асыл газдар.
             2.  Периодтық кестеде оттек және натрий элементтері туралы қандай ақпарат берілген? 3, 11, 12, 14,
                 15, 33-элементтер қатарында қандай қасиет өзгереді?
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                 А.  Металдық қасиет әлсірейді, бейметалдық қасиет күшейеді.
                 Ә. Металдық қасиет күшейеді, сосын нашарлайды, бейметалдық қасиет күшейеді, сосын нашарлайды.
                 Б.  Металдық қасиет әлсірейді, бейметалдық қасиет күшейеді, сосын нашарлайды.
                 В.  Металдық қасиет күшейеді, сосын нашарлайды, бейметалдық қасиет нашарлайды, сосын кү-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                    шейеді.
             3.  Неге реттік нөмірі 3, 11 және 19 болатын элементтердің бір топқа біріктірілгенін түсіндір.
             4.  Х химиялық элементін сипаттайтын бірдей үш сан – 2, 2 және 2 бар.
                 А.  Химиялық элементті анықта.
                 Ә. Бұл сандар қандай сипатқа сәйкес келетінін анықта.
                 Б.  Осы сандар нені білдіреді?
                 В.  Қандай бесінші сан сипаттаушы болып табылады?
                 Г.  Ол қандай шаманы сипаттайды?
             5.  Диаграммада периодтық кестенің бір бөлігі берілген.

                             I  II                                     III IV  V  VI VII VIII
                                       H                                                He
                            Li Be                                      B          O
                                                                           Si  P     Cl Ar
                                                                   Zn Ga         Se Br
                 Диаграммадағы элементтердің тек таңбаларын пайдаланып, қасиеттерін сипатта:
                 a)  s-блок элементі болып табылады;
                 ә)  d-блок элементі болып табылады;
                 б)  бейметалға жатады;
                 в)  инертті газға жатады;
                 г)  периодтық кестеде «атомдық массасының арту реті бойынша» ережесін бұзып тұр.
             6.  Периодтық кестеден германий элементін (Ge) тап.
                 А.  Элемент периодтық кестедегі қандай топта орналасқан?
                 Ә. Элементтің сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон бар?
                 Б.  Германий – бұл металл ма әлде бейметалл ма?
                 В.  Осы топтағы бес элемент таңбасын ата және жаз.
             7.  Кестедегі ақпаратты пайдаланып, X, Y, Z, H және G элементтері туралы сұрақтарға жауап бер.

                 Элемент        Протон саны          Нуклон саны              Электрондардың бөлінуі
                 X              4                    9                        2, 2
                 Y              18                   40                       2, 8, 8
                 Z              20                   40                       2, 8, 8, 2
                 H              11                   23                       2, 8, 1
                 G              16                   32                       2, 8, 6




           36
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41