Page 53 -
P. 53
мының толықтырылмаған сыртқы қабатын толтырады. Әрбір
магний атомы екі электронын жоғалтады, тұрақты электрондық
конфигурация түзеді. Ал әрбір оттек атомы да екі электронды
қосып алады да, тура осындай электрондық конфигурацияны
иеленеді. Нәтижесінде оң зарядталған магний катионы және
теріс зарядталған оттек анионы түзіледі. Электростатикалық
тарту күші нәтижесінде иондар бір-біріне тартылады.
байланыс арасындағы айырмашылықты көруге болады. Егер ҰСҚА
Иондық байланыстың түзілу шарттары
• Иондар түзілуіне элемент атомының тек қана сыртқы
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
қабатындағы электрондар қатысады.
• Металдар сыртқы қабатындағы электрондарын беріп жі-
беріп, бейметалдар аяқталуына жетпей тұрған электрондарын
қосып алып, асыл газдардың электрондық конфигурацияларын
иеленеді.
ЖОБАЛЫҚ Н
• Химиялық байланысқа түскен элементтердің электрте-
рістілік айырмасы арқылы иондық байланыс пен коваленттік
элементтердің электртерістілік айырмасы 0 немесе 0.4-тен кем
болса, полюссіз коваленттік байланыс, ал 0.4 пен 2.0 аралығын-
да полюсті коваленттік байланыс түзіледі. Иондық байланысқа
түсетін атомдардың электртерістілік айырмасының мәні екіге
жуық немесе екіден үлкен болады. Электртерістілік айырмасы
1.6 – 2.0 аралығында болған жағдайда қосылыстың құрамында
металл бар екенін тексеру керек. Егер қосылыстың құрамында
металл жоқ болса, атомдар арасындағы байланыс коваленттік
полюсті, металл болса иондық байланыс болады. Мысалы: H—F
молекуласында ΔХ = 4 – 2.1 = 1.9 полюсті байланыс, Cl—Cl мо-
лекуласында ΔХ = 3.0 – 3.0 = 0 полюссіз коваленттік байланыс.
Na—Cl қосылысында ΔХ = 3.0 – 0.9 = 2.1 иондық байланыс.
• Иондық қосылыс түзілгенде энергия бөлінеді.
4-ТАПСЫРМА. Көрсетілген сызбаны пайдаланып, кальций хлоридінің
түзілу механизмін түсіндіретін мәтін құрастыр.
2,8,7
2,8,8
2,8,8,2 2,8,8
◄ 3-сурет. Кальций
2,8,7 хлоридінің түзілу
2,8,8 механизмінің сызбасы
53

