Page 222 -
P. 222

№1 зертханалық жұмыс. «Түзусызықты теңайнымалы қозғалыстың
              үдеуін анықтау»


                 Зертханалық жұмыста көлбеу жазықтық бойымен төмен қарай бірқалыпты үдемелі қозғалған арба-
              ның қозғалысын зерттейсің және үдеуін анықтайсың.
                 Құрал-жабдықтар:  жол  қызметін  атқаратын  металл  рельс,  жұмысқа  арналған  санды  секундо-
              мер (жалғағыш сымдарымен) фотовороталар (жарық қақпасы), фотоворота үшін адаптер, жалғағыш
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
              сымдар, әмбебап тұрғы, тәжірибеде қозғалысты зерттеуге арналған арбаша, арбашаға арналған кіш-
              кене жалау, жүк 50 г, өлшеуіш таспа немесе сызғыш, қызыл сым, 32 А, 1000 мм, сары сым, 32 А, 1000 мм,
              көк сым, 32 А, 1000 мм.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
              Зертте

                 Жұмысқа  кіріспес  бұрын  құрал-жабдықтардың  жұ-
              мысқа  жарамдылығын  тексер.  Егер  ақаулар  байқалса,
              кабинеттегі  лаборантқа  немесе  мұғалімге  айтып,  басқа
              жабдықтармен ауыстыр. Құралдармен жұмыс барысында
              қауіпсіздік ережелерін сақтауды естен шығарма.
                 Жұмыс барысы:
              1)  Сурет бойынша өлшеулер жүргізуге сәйкес құрал-жаб-
                 дықтарды жина;
              2)  Физикалық шамаларды есептеп және өлшеулерді ен-         Эксперименттік құрылғы
                 гізуге арналған кестені дайында.
                 Рельстерден көлбеу жазықтық алу үшін әмбебап тұрғы  пайдалануға болады. Тұрғыға арнайы
                 қысқыштар көмегімен рельстерді көлбеу орналастыр. Көлбеу жазықтықтың рөлін металл рельс
                 атқарады. Көлбеулік бұрышын өзгертіп отыру үшін өлшеп алған дұрыс.
              3)  Көлбеу жазықтықтан белгілі бір арақашықтықты таңда және өлшеуіш таспа немесе сызғыш көмегімен
                 белгіленген арақашықтықты өлше.

                 Дене қозғалысына жұмсалған уақытты траекторияның сол бөлігіне сәйкес өлшеп алу керек. Қозғалыс
                 уақытын өлшеуге санды секундомер қолданылады. Арбаның қозғалысының басталуы мен санды се-
                 кундомердің қосылуының бірмезгілді болуын қамтамасыз ету керек. Арбаға кішкене жалаушаларды
                 бекітіп, олардың фотоворотаның қақпашаларының арасынан өтетіндігін тексер. Арбаны қозғалысқа
                 келтіріп, секундомерді қос. Секундомердің көрсетуін бақыла.
              4)  Арбаның белгіленген арақашықтықты жүріп өткен уақытын кестеге енгіз.
              5)  Арақашықтықтарды өзгерте отырып, өлшеулерді 5-6 рет қайтала.
                 Өлшеулер нәтижелерін кестеге енгіз.

                 Түзусызықты бірқалыпты айнымалы қозғалысты сипаттайтын физикалық шамаларды анықтайтын
                 теңдеулермен танысқансың. Дененің түзусызық бойымен бірқалыпты үдемелі қозғалысы кезінде
                 орын ауыстыруы келесі теңдеумен өрнектеледі:
                                                                   at 2
                                                          s = υ  t +  x                                            (1.1)
                                                          x   0 x
                                                                    2
                 Егер дене тыныштық күйінен қозғалса, онда бастапқы жылдамдығы нөлге тең болады, υ =0. Бұл кездегі
                                                                                                0
                 орын ауыстырудың уақыттан тәуелділік теңдеуі:
                                                              at 2
                                                               x
                                                          s =  2                                              (1.2)
                                                          x

              222
              222
   217   218   219   220   221   222   223   224   225   226   227