Page 221 -
P. 221
Қорытынды
Қымбатты оқушылар!
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
Оқулықта қарастырылған тараулар бойынша сендер көптеген жаңа ақпарат алып,
білім сандығын толтыра алдыңдар деген сенімдеміз. Бұл оқулықта классикалық меха-
никаның қарапайым түрлері қарастырылды.
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Әрине, физика ғылымы осы бір ғана бөліммен шектелмейді. Классикалық механиканың
негізгі бөлімдері мен негізгі заңдарын меңгермейінше орта мектептің физика курсының
басқа бөлімдерін игеру оңай емес. Классикалық механиканың дамуына әркім өз үлесін
қосатыны анық. Сондықтан материя, кеңістік пен уақыт заңдылықтарын, адамзаттың
жылдар бойы бақылап, ашқан жаңалықтарын оқуды одан әрі жалғастыра береміз.
Физикада материяны оқығанда оны денеден бөліп оқу мүмкін емес. Сондықтан «де-
нені» оқу арқылы тұтас материяның бір бөлігін ғана қарастырып отырғаныңды түсінген
боларсыңдар. Сондай-ақ «Өріс» тақырыбымен танысқанда, оның материялық құбылы-
стың бір сипаты екенін білдіңдер. Осы сияқты оқулықтың құрылымы да қарапайымнан
күрделіге, яғни материялық нүктеден аспан денелеріне дейінгі өлшеммен алынып отыр.
Оқулықта кинематика, динамика, статика заңдылықтарымен, механикалық тербеліс
және механикалық толқын түрлерімен, астрономиялық өлшемдермен таныстыңдар.
Сендерге оқулықтағы берілген теориялық материалдар оқуға жеңіл әрі түсінікті болу
үшін сурет-сызбалармен, есеп шығару мысалдарымен бірге ұсынылды.
Оқулық соңында бірнеше зертханалық жұмыстың үлгілері берілді. Бұл зертханалық
жұмыстар арқылы сендер практикалық зерттеулерді қалай ұйымдастыруға болатынын
түсіндіңдер. Бұл жұмыстарды орындай отырып, өлшеулер жүргізу, алынған мәліметтерді
өңдеу, қорытынды жасау сияқты дағдыларыңды дамытуға мүмкіндік алдыңдар. Зертха-
налық жұмыстар арқылы күнделікті көріп, бақылап жүрген құбылыстардың атаулары
мен заңдылықтары бар екеніне көз жеткіздіңдер.
Әлемде, қоршаған ортада ашылмаған табиғат сыры әлі көп. Ашылмаған парақтар
да көп. Олай болса, сендерді ары қарай сол парақтарды ашып, табиғат заңдылықтарын
зерттеуде жаңа жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз. Сендер үшін осы оқулықтан алған
әрбір ақпарат құнды және күнделікті өмірлеріңе қажет болады деп ойлаймыз.

