Page 5 -
P. 5

Алғы сөз





                                                 Қымбатты оқушылар!

                       9-сыныпқа арналған «Физика» оқулығында векторлар, ілгерілемелі және айнал-
                    мен дағдыларды алатының көрсетілген. «Сен білесің» айдарында осы тарауды табыс-А
                    малы қозғалыстар кинематикасы, денелердің өзара әрекеттесу заңдары, механика-
                    ның  сақталу  заңдары,  тербелмелі  және  толқындық  қозғалыстар,  астрофизика  эле-
                    менттері қарастырылған.
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚ
                       Оқулық 11 тараудан тұрады. Әр тарау 2-8 сабақтан тұрады.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                       Тарау басында «Осы тарауда сен оқып-үйренесің» айдарымен жаңа тарауда қол
                    жеткізілетін оқу мақсаттары, нені оқып-үйренетінің, нені зерттейтінің, қандай білім

                    ты оқып-үйренуің үшін қандай білім, білік, дағдылардың қажет болатыны айтылса,
                    «Пәнаралық байланыс» айдарымен осы тарауда саған қажет болатын басқа пәндер-
                    ден игерген білімің мен дағдыларың немесе осы тарауды оқып-үйрену арқылы ала-
                    тын біліміңді қайда, қалай қолдана алатының туралы мағлұмат берілген.
                       Сен  физика  пәнін  оқи  отырып,  бұл  пәннің  басқа  пәндермен  тығыз  байланыста
                    екеніне  көз  жеткізесің  және  оқығаныңды  өмірмен  байланыстырып,  ғылыми  идея-
                    лар мен дәлелдерді қолдану дағдыларыңды дамытатын боласың. Мысалы, біз өмір
                    сүріп жатқан әлем – толқындар мен өрістер әлемі. Сен география пәнінен су бетін-
                    дегі толқындар, олардың не себепті пайда болатынын және сейсмикалық аймақтар
                    туралы  білесің.  Ал  физикада  толқындармен  байланысты  құбылыстарды  түсіндіріп
                    беруге мүмкіндігің болады. Сен биология пәнінен есту мүшесінің құрылысы, естудің
                    маңызын, естудің бұзылу себептерін, дыбыстың ауа және сұйық арқылы өтуін білесің.
                    Осы оқулықтан тербелістер мен толқындардың сипаттамаларымен, акустикалық ре-
                    зонанстың, ультрадыбыстық толқындардың қолданылуымен танысасың. Денелердің
                    беріктік шегін ескеру туралы физикадан алған білімің сәулет өнері үшін, әсіресе ғи-
                    мараттар, көпірлер тұрғызуды жоспарлау барысында маңызы зор. Оқулықтан спорт-
                    тық ойындарда да механика, қозғалыс заңдарын қолдану арқылы үлкен жетістіктерге
                    қол жеткізілетінін білетін боласың. Өріс ұғымымен танысуды гравитациялық өрістегі
                    қозғалыстан бастайтын боласың.
                       Негізгі  бөлімде  жаңа  білім  мазмұнын,  әрбір  тақырыпқа  сай  базалық  білім  не-
                    гіздерін  меңгеруге  көмектесетін  мәтін  берілген.  Мәтіндердің  көлемі  шағын,  олар
                    жеке-жеке  берілгенімен,  олардың  арасында  логикалық  байланыс  бар.  Әр  мәтінді
                    түсініп оқы. Анықтамалар мәтіннен бөлек, ерекшеленіп көрсетілген. Формулалар мен
                    анықтамалардың физикалық мағынасын түсініп ал.
                       Пәндік терминдерге, тірек сөздерге назар аудар. Олар мәтінде ерекшеленіп (кур-
                    сивпен)  жазылған  және  сол  тақырып  ішінде  оларға  түсініктемелер  берілген.  Осы
                    түсініктемелерді  оқулықтың  соңында  берілген  үш  тілде  берілген  глоссарийден  де
                    таба аласың.
                       Тақырып  бойынша  ұсынылған  әрбір  мәтіннен  кейін  іс-әрекетке  бағытталған
                    тапсырмалар берілген. Әрбір тапсырма мәтіннің мазмұнын түсінуді жеңілдетумен қа-
                    тар, шығармашылық ойлауға жетелейді. Әр жолы нақты іс-әрекетті орындай отырып,
                    білімді қолдану, салыстыру, талдау, бағалау, жинақтау сияқты әртүрлі деңгейдегі дағ-
                    дыларыңды дамыта аласың.
                       Мәтіндерді  оқығанда,  есептерді  шығарғанда  көрсетілген  суреттерге,  кестелерге
                    назар аудар. Олар берілген ақпаратты толығырақ, тереңірек түсінуге көмектеседі.
                       Оқылып жатқан тақырыптың өмірмен байланысын білгің келсе, оқулықтағы «Сен
                    білесің бе?» айдарымен және қосымша оқу үшін берілген ақпараттармен таныс. Олар
                    біліміңді кеңейтуіңе көмектеседі.

                                                                                                          5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10