Page 6 -
P. 6

Әрбір тақырып бойынша оқулықта келтірілген есептерді шығару үлгілерімен та-
                      нысып, есепті шығару алгоритміне, әрбір қадамда қандай әрекет жасалғанына назар
                      аудар.
                         Алған  біліміңді  қолдану  және  тақырыпты  қаншалықты  түсінгеніңді  тексеру  үшін
                      әр тақырыптың соңында берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орында.
                      Әр тақырыптың басында ынталандырушы сұрақтар берілген. Осы тақырып бойынша
                      оқулықта берілген материалдармен таныса отырып, бұл сұрақтың жауабын өзің-ақ
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                      таба аласың.
                         Физикалық құбылыстарды зерттеп, физикалық заңдылықтардың орындалатынына
                      көз жеткізгің келсе, «Зертте» айдарымен берілген тапсырмаларды орында. «Зертте»
                      тапсырмалары арқылы физикалық құбылыстарды жеке немесе сыныптасыңмен бірге
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                      орындауға мүмкіндік аласың. Зерттеу үшін ұсынылған тапсырмаларды орындар ал-
                      дында нұсқаулықты мұқият оқы және мұғаліміңнің бақылауымен орында.
                         «Тарауды бекітуде» осы тарауда берілген материалдар бойынша бекіту жаттығу-
                      лары беріліп, тарау қорытындысы жасалады. Есептерді шығаруда қиындық туындаса,
                      оқулықта берілген есеп шығару үлгілерін қарап, алдыңғы тақырыптарды қайталасаң
                      болады.
                         Ғылыми  теорияның  дұрыстығын  тексеріп  көргің  келсе  немесе  зертханалық
                      құрал-жабдықтарды  қолдануды  үйренгің  келсе,  онда  зертханалық  жұмыстарды
                      орында.  Зертханалық  жұмыстарды  орындай  отырып,  өлшеулер  жүргізу,  алынған
                      мәліметтерді  өңдеу,  қорытынды  жасау  сияқты  дағдыларыңды  дамытуға  мүмкіндік
                      аласың.
                         Физика пәнінен алған осы теориялық білімің мен практикалық тәжірибең өмірде
                      қолдануда қажет болады. Оқуда сәттілік тілейміз!
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11