Page 6 -
P. 6
Кіріспе
Ұсынып отырған оқулықтың мазмұны 9-сыныпта оқушыларға тірі табиғаттың түрлі құбылыстары мен
заңдылықтарын басқа пәндермен және күнделікті өмірмен байланыста түсінуге көмек беріп, өз жаста-
рына қажетті биологиялық білім негізін қалыптастырады.
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
Бұл білім:
• жаңа технологиялық әлемде ғылыми зерттеулер жүргізуге деген қызығушылығын арттырады;
• нақты теориялардың мәнін түсіндіреді;
• биологиялық білімді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді;
• ғылыми әдістердің маңыздылығы мен шектеулерін түсінуге көмектеседі.
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Биология ғылымының адам өмірін жақсартудағы қолданысы мен практикалық қауіпсіздікті қамтама-
сыз ету жолдарын түсіне отырып, оқушылар қоршаған ортаны сақтауға, жаһандық деңгейде тіршіліктің
сапасын арттыруға өз үлесін қосу мүмкіндігіне ие болады.
Оқулықта берілген айдарлар:
«Тірек сұрақ» айдарында берілген тақырыптың мазмұнын ашуға арналған сұрақтарға оқушылар
өзінде бар біліміне сүйене отырып жауап береді. «Мәтін» айдарында берілген ақпаратты талдап білім-
дерін шыңдайды. «Зерттеу» айдары зерттеушілік дағдыларын дамытып, физиологиялық үдерістердің
заңдылықтарына дәлелдер табуына көмектеседі. «Тапсырма» және «Талқылау» айдарлары берілген
тақырыптың мазмұнын түсініп, білімдерін тереңдету үшін берілген. «Сен білесің бе?» айдарында тақы-
рыпқа байланысты қызықты деректер ұсынылады. «Есіңде сақта!» айдары кейбір маңызды ақпараттар-
ды есте сақтауға көмектеседі. «Өзіңді тексер» айдарында тақырып мазмұнын түсінгендерін танытып,
білімдерін тексеруге жағдай жасалады. «Күрделі тапсырма» айдары тақырыпқа байланысты қосым-
ша ақпаратты қамтып, алған білімдерін қолдануға, жинақтауға, оған талдау жасауға мүмкіндік береді.
«Практикалық тапсырмалар» айдарында берілген тапсырмалар өмірде кездесетін сан қилы оқиғалар-
дың жұмбақ сырларын ашуға жетелейтіні сөзсіз.
Әрбір тараудың соңында тарауды қайталауға арналған тапсырмалар берілген. Олар «Тарау бойын-
ша сұрақтар» деп аталды. Бұл сұрақтар жиынтық бағалау жұмысында жақсы нәтиже көрсетуге септігін
тигізеді. Оқулықтың соңында берілген глоссарий оқушылардың академиялық терминологияны қолдана
білу дағдыларын жетілдіреді.
Оқулық мазмұны тірі ағзалардағы мүшелердің құрылысы мен қызметі және реттелуі мен тіршілігін
сақтап қалуға деген бейімделушіліктерін түсіне отырып, Жер бетіндегі тіршілік заңдылықтарын басқа да
пәндерден алған білімдерімен байланыста терең түсініп, болашақ мамандық бағытын анықтауда маңы-
зды рөл атқарады деп сенеміз.
Авторлар

