Page 117 -
P. 117

География
            ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ТУРАЛЫ ОЙЛАНАЙЫҚ...

                1. Адамдардың қажеттілігін қанағаттандыратын табиғи заттарды, жаратылыс
            дүниелерін табиғи ресурстар деп білеміз.
                2. Адамдардың қажеттіліктері көп, сол сияқты ресурстардың түрлері де көп.
                3. Ресурстар әр салада кездеседі.
                4. Ресурстар түрлі белгілері бойынша бірнеше топтарға бөлінеді.
                5. Ресурстар жер бетінде әркелкі таралған, бір елдерде – көбірек, кейбір елдерде
                   textbooks nis edu kz
            өте аз немесе жоқтың қасы.
                6. Ресурстармен қамтылу дәрежесі жан басына шаққандағы көлеммен немесе
            қанша жылға жететіндігін анықтау арқылы анықталады.
                7. Ресурстарды игеру көп жағдайда тиімсіз жүріп жатыр, нәтижесінде табиғи
            ландшафтар бұзылады, табиғи үдерістер өзгереді, табиғи орта қалпына келмейді.




                Табиғи ресурстарды игеру барысында біз жер бетінде жаман із қалдырамыз.
            Оны жоқ қылу үшін адамзат ресурстар игерілген жерлерді қалпына келтіруі керек.
            Ресурстардың кейбір түрлерін пайдалануға қарағанда көптеген қалдықтарды қайта
            өңдеген дұрыс. Кейбір ресурстарды басқа жасанды материалдармен алмастырға-
            нымыз абзал. Ресуртардың бір түрінен бірнеше пайдалы заттарды өндіргеніміз жөн.
            Көп заттарды қалдықсыз өңдеуіміз керек.











                                                      ХХІ ғасырдың адамзаты















                  СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  Табиғи ресурстарды кесте түрінде «дене» және   5.  Ресурстарды игерген жерлерді қалпына келтіру
                 «күш» деп топтастыр.                            жөніндегі идеяларды ұсын.
              2.  А, В, С суреттерінің негізінде адамдардың   6.  Қандай ресурстарды қалдықсыз өңдеуге
                 қандай қажеттіліктері бар екенін анықта және    болады?
                 толықтыр. Оларды табиғи ресурстардың қандай   7.  «Мен (табиғи ресурстың бір түрін таңда)»
                 түрлерімен қамтамасыз етеді? Нәтижелерді        атты эссе жаз. Эсседе табиғи ресурстың
                 кесте түрінде ұсынуға болады.                   маңыздылығын, таралу аймақтарын, пайдалану
              3.  Ресурстар түрі мен қорлары аз және көп         аясын, алынатын өнім түрлерін, пайдаланудың
                 елдердің ондықтарын жаса. Нәтижелерді           экологиялық мәселелерін қамтуға тырыс.
                 бағаналы диаграмма түрінде ұсын.
              4.  Қазақстанның кейбір ресурстармен қамтылу
                 дәрежесін жан басында шаққан көлемі мен
                 жылдар санымен есептеп көрсет.
                                                                                                                117
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122