Page 5 -
P. 5
X Начало блока
Кіріспе
Қымбатты оқушы!
textbooks nis edu kz
Биылғы жылы қызықты және танымды география пәнін оқуды бастайсың.
Бұл сыныпта география пәнінің өмірдегі маңызын, адамзаттың әртүрлі геогра-
фиялық жағдайда өмір сүруін, шаруашылыққа әсерімен танысасың.
«Физикалық географияны» оқи отырып литосфера, атмосфера, гид росфера,
биосфера туралы біліміңді дамытып, тереңдете түсесің. Сонымен қатар кеңістік,
географиялық қабық пен географиялық нысандарды, үдерістерді және құбылы-
старды зерттейсің.
«Экономикалық география», «Елтану» деген тарау ларды оқи отырып, халық
тығыздығы туралы біліп, халық тығыздығы жоғары және төмен аудандарда өмір
сүрудің артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттейсің. Карталарды талдап,
халықтың әркелкі таралу себептерін анықтайсың. Сонымен қатар қарапайым
түсініктерді біліп, жергілікті аймақтардағы адамдардың, өз отбасы мүшелеріңнің
қызметтері туралы алғашқы ұғымдарды түсінесің.
География қоршаған ортаның құрылымдық бөліктерін, оның мемлекеттер
мен адамзат алдында тұрған түрлі күрделі мәселелерін түсінуге көмектеседі.
Географиялық деректер мен табиғатта болып жатқан үдерістерге көз жеткізуге
ғана емес, сонымен қатар олардың себептерін түсіндіруге және болжам жа-
сауға мүмкіндік береді. Қазақстанның қазіргі дүниежүзіндегі орнын түсінуге
көмектеседі.
Географиялық біліміңді пайдаланып, зерттеу әдістерін, суреттермен, фо-
тосуреттермен, сызбалармен жұмыс жасау дағдыңды дамытасың. Қарапайым
географиялық деректерді пайдаланып, тұжырымдама жасауды үйренесің. Гео-
графиялық карталармен жұмыс жасау дағдысын әрі қарай дамытып, географи-
ялық есептерді шығарасың.
Оқулықтың әрбір тақырыбына қосымша «Біз қайда келдік?», «Мен зерт-
теушімін», «Сен білесің бе?» айдарлары берілді. Бұл айдарлар географиялық
білімің мен дағдыңды дамытуға көмектеседі.
Жас достар! Сендерге сәттілік тілейміз!
5

