Page 6 -
P. 6

1.  Географиялық зерттеу


                       әдістері





               География ғылымының қалыптасуы



                   textbooks nis edu kz

                                                    География – грекше «ge» – «Жер», «grapho» – «жазамын» деген
               Біз не үйренеміз?                мағынаны білдіреді.

                                                    География – Жер беті табиғатын, жер шарындағы халықтарды,
                                                ландшафтарды, нысандарды, табиғатты тұтас жүйе ретінде зерттей-
                  Бұл тарауда:                  тін кешенді ғылымдар саласы.

                  ✔ географияның зерттеу            География ғылымының қалыптасуы ерте кезде алғашқы адамдар
                    нысандарын атауды;          өмір сүрген кезден басталған. Олар құнарлы қолайлы мекен іздеу
                                                барысында, аң аулау кезінде өздерін қоршаған ортаның бір-біріне
                  ✔ саяхатшылар мен
                    зерттеушілердің             ұқсамайтын алуан түрлі екенін және әр аймақтағы табиғат құбылыс-
                                                тарының әртүрлі болатынын байқаған. Байқаған табиғи құбылысын,
                    география ғылымының         азық-түліктің көп кездесетін жерлерін тасқа, үңгірлерге, ағаштың
                    дамуына қосқан үлесін       қабығына т.б. заттарға белгілеп отырған. Келесі белестің ар жағын-
                    сипаттап, баға беруді;      дағы немесе көлдің арғы бетіндегі көрмеген нысандарына ойша

                  ✔ «план» және «шартты         болжам жасаған.
                    белгілер» ұғымын
                    түсіндіруді;                География пәні не үшін керек?
                                                    География  ғылым  ретінде  ежелгі  Грекияда  пайда  болған.
                  ✔ географиялық                Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген грек ғалымы
                    координаталарды             Эратосфен алғашқы географиялық түсініктерді қалыптастырып, «Ге-
                    табуды;                     ографика» атты еңбегін жазды. Ғылымға алғаш «География» ұғымын

                  ✔ географиялық карталар       енгізеді. Сонымен қатар Эратосфен – ең алғаш географиялық карта
                    мен шартты белгілерді       жасаған ғалым. Сондықтан Эратосфенді «География ғылымының
                    жіктеуді;                   атасы» деп атайды.
                  ✔ географиялық шартты             Біздің ғаламшарымыздың табиғаты алуан түрлі және құбыл-
                    белгілерді қолдана          малы, сондықтан география осы өзгерістерді зерттеп, түсіндіруге
                    отырып, физикалық           көмектеседі. Себебі, көкжиектің ар жағында қандай жер бар екен-
                    карталарды оқуды;           дігі, барлық табиғи құбылыстардың құпия сыры адамзатты үнемі
                                                қызықтырады. Біз өзгерген әлемде айналамызды бағдарлауды,
                  ✔ масштабты
                    қолдану арқылы              табиғатқа тамсануды, географиялық карталарды әртүрлі мақсатта
                    арақашықтықты               пайдалануды меңгеріп жатырмыз. Сонымен қатар адамзат жаңадан
                                                қалалар салып, мемлекеттерді қалыптастырып, табиғатты өзгертіп,
                    есептеуді;                  жаңа ландшафтар жасауда.

                  ✔ шартты белгілер                 География ежелгі ғылым болғанына қарамастан, әлі күнге де йін
                    арқылы жергілікті           жаңа халық атауларымен, жаңа аймақ туралы және т.б. ақпараттар-
                    жердің қарапайым            мен толықтырылуда. Оған дәлел – литосфераның терең қабаттары
                    пландарын оқуды             мен Дүниежүзілік мұхиттың көп бөлігі әлі де толық зерттелмеген.
                    үйренетін боласың.              Ғалымдар жыл сайын Амазонканың тұмсық батпайтын орман-
                                                дарынан өсімдіктер мен жануарлардың жаңа бір түрін анықтауда.
                                                Қазіргі таңда Жер шарының түкпір-түкпірінде геологиялық экспе-
                                                дициялар,  ғарыштық зерттеулер жүргізіліп, ғылыми кемелер, ме-
                                                теостанциялық ауа шарларымен зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
         6
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11