Page 9 -
P. 9
Географиялық зерттеулердің басты міндеті – табиғат ресурстары География
мен табиғи жағдайларды жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайда- СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
ланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты 1. «Зерттеу нысаны» деген
қорғаудың және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау. ұғымды қалай түсінесің? 5
География ғылым саласында жер бетінің табиғатын және әлеу- мысал келтір.
меттік-қоғамдық саланы зерттейтін екі сала пайда болды: физикалық 2. А, Ә суреттерін зерделеп,
география және экономикалық география. берілген сұрақтарға жауап
бер.
textbooks nis edu kz
Физикалық география – табиғат нысандары мен құбылыстары-
ның жер бетінде таралу заңдылықтарын және олардың себептерін 2.1. Географиялық қабық
дегеніміз не?
зерттейтін ғылым саласы. 2.2. Географиялық қабық
Физикалық география өз кезегінде бірнеше ғылым салаларына құрылымын сипатта.
бөлінеді: 2.3. А, Ә суреттері арасында
– климатология; қандай байланыс бар? 2
– геоморфология; дәлел келтір.
– гляциология; 3. География ғылымының
– зоогеография; саласын ата.
– геоботаника; 4. Физикалық және
– топырақтану; экономикалық
географияның зерттеу
– гидрология; нысандарын сызба арқылы
– палеогеография; көрсет.
– океанология. 5. «Физикалық және
Табиғат құбылыстары мен үдерістер физикалық география ғылы- экономикалық география
мының негізгі зерттеу нысаны болып саналады. Мысалы, палео- бір-бірімен тығыз
байланысты. Кез келген
география жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын, ежелгі тау елдің экономикалық
жыныстарын зерттейді. дамуы оның физикалық
Экономикалық география – шаруашылықтың экономикалық жағдайымен тығыз
байланысты» деген
даму деңгейі мен халықтарды зерттейтін ғылым саласы. түсінікке келісесің бе?
Экономикалық география бірнеше салаға бөлінеді: Ойыңды 2 мысалмен
– саяси география; дәлелдеп тұжырымда.
– халықтар географиясы;
– елтану;
– медициналық география және т.б.
Экономикалық географияның зерттеу нысаны – экономикалық
аудандар, өнеркәсіп кешені, дүниежүзілік шаруашылық, агломера-
ция және т. б.
География Жер шарындағы географиялық нысандар мен
құбылыс тарды және үдерістерді зерттейтін ғылым саласы. Жалпы
географиялық нысандар табиғи (тау, жазық, өзен, көлдер) және
антропогендік (қала, зауыт, каналдар) деп жіктеледі. Мысалы, табиғи
құбылыстарға жер сілкінісі мен жанартау, су тасқыны мен толқындар,
нөсер жаңбыр мен құйын желдер т.б. жатады. Ал географтар бұл
құбылыстардың пайда болу себептері мен күшін анықтап, алдын алу
шараларын қарастырады. Сонымен қатар география ғылым саласы
табиғат пен адам арасындағы байланысты да зерттейді. Мысалы, жыл
сайын адамзат табиғат нысандарын өзгертеді, пайдалы қазбаларды
өндіреді, ағаштарды кеседі, Дүниежүзілік мұхит пен атмосфераны
ластайды. Сондықтан география пәні табиғат құбылыстарын зерттеп
қана қоймай, табиғатты тиімді пайдалану жолдарын да қарастырады.
9

