Page 8 -
P. 8
Географияның зерттеу нысандары
География – жер беті табиғатын, күрделі аумақтық жүйелерді,
Бұл сабақта: халықтар, олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым
✔ географияның саласы. Аумақтық жүйелер: табиғи, әлеуметтік және табиғи-қоғам-
зерттеу нысандарын дық болып ажыратылады.
textbooks nis edu kz
анықтайсың. География ғылымының негізгі зерттеу нысаны географиялық
қабық болып табылады. Географиялық қабық дегеніміз – атмосфе-
ра (ауа), гидросфера (су), литосфера (жердің қатты қабаты) және
биосфера (тірі ағзалар) арасындағы үдерістер, заңдылықтар және
олардың компоненттері арасындағы байланыстар.
Географиялық қабықты құрайтын негізгі ком-
поненттерге тау жыныстары жəне олардың не-
гізінде қалыптасатын жер бедері, су, ауа, топырақ,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі т.б. жатады.
Географиялық қабықтың компоненттері – бір-
бірімен өте тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Егер
бір компонентте өзгеріс пайда болса, ол екінші
компоненттің қасиеттеріне тікелей əсер етеді.
Осыдан келіп географиялық қабықтың ең негізгі
заңдылығы – біртұтастық заңдылық екенін білуге
болады.
А. Географиялық қабық
Ә. Табиғат компоненттері арасындағы байланыс
8

