Page 7 -
P. 7

География

             A. Еуразия (құрлық)                                             Ә. Астана






                           Қазақстан


                     ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
                   textbooks nis edu kz




















             Б. Сарыарқа


                Ғарыш серіктерінен алынған ақпараттардан мамандар электронды карталар құрастырып, табиғат
            құбылыстары мен үрдістеріне болжам жасауда. Жиналған ақпараттар географиялық деректер базасын
            толықтыруда.
                Қазіргі таңда дүниежүзінің географтары бірігіп, климаттың жылынуы, қоршаған ортаның ластануы
            сияқты ғаламдық мәселелерді шешуде өз зерттеулерінің қорытындысымен бөлісіп, мәселелерді шешу
            жолдарын іздестіруде.
                География арқылы:
                –  өзіміз өмір сүретін орта туралы;
                –  табиғи жағдайлар мен құбылыстардың себептерін;
                –  адам мен табиғаттың өзара әрекетін;
                –  әлемнің не себепті тез өзгеретінін;
                –  шаруашылықты дамыту жолдарын т. б. біле аламыз.


                 СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1. Білімжан – білімқұмар оқушы. Жаңа оқу          және Б суреттеріндегі бейнеленген жерлер оны
                 жылында әр сыныпқа өткен кезде жаңа            қызықтырды. Білімжанның А, Ә және Б суреттері
                 пәндерді қызыға оқиды. Осы жылы да             бойынша қойған сұрақтарына жауап бер.
                 «География» оқулығын алғаш рет көрген кезде    4.1. Ә, Б суретіндегі жер қай аймақта
                 өзіне-өзі «География дегеніміз не?» деген сұрақ   орналасқан? Картадан көрсет.
                 қойды. Оған бұл сұрақтың жауабын табуға
                 көмектес.                                      4.2. Олар қалай өзгеруде? Сипаттап бер.
              2. Ол география нені оқытатынын табу үшін         4.3. Суреттердің арасындағы өзара байланысты
                 оқулықты ашты. Оқулықтың мазмұнына қара.          сипатта.
                 Сен әлемді қалай зерттейсің?                 5. Білімжан сұрақтарына толық жауап алды
              3. Содан кейін Білімжанды оқулықта берілген түрлі   ма? Өзің ше? Сұрақтарға жауап алғанын 2
                 түсті карталар қызықтырды. Карталарға қара.    мысалмен түсіндір.
                 Оларда қандай жерлер көрсетілген? Сенің      6.  Білімжанға тағы қандай қызықты ақпарат берер
                 сыныбыңда осыған ұқсас карталар бар ма?        едің?
              4. Білімжан бірінші сабақта кітапты ашқанда, А, Ә
                                                                                                                 7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12