Page 70 -
P. 70
Биосфераның құрамы мен құрылымы
Бұл сабақта: Биосфераның құрамы, шегаралары мен қасиеттері. Биос-
✔ биосфераның фера – Жер бетінің «тіршілік қабаты». География лық қабықшаның
құрамын, құрылымын, ең маңызды қабатының бірі. Тірі ағзалардың тіршілік ортасын 1875
шегаралары мен жылы Австрия геологы Э. Зюсс биосфера деп атап, бұл түсінікті
textbooks nis edu kz
қасиеттерін анықтауды ғылымға ең алғаш енгізген. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В. И. Вер-
үйренесің. надский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсын-
ды. Биосфера – ғаламшарымыздың барлық тіршілік дүниесі мен
олардың арасындағы зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге
асырылатын Жердің ерекше маңызды қабығы.
Жер бетінде тірі ағзалардың миллиондаған түрлері кездеседі.
Өсімдіктің 500 мыңнан, жануарлардың 1 млн-нан аса түрлері та-
ралған. Басқа да бунақденелілер, бактериялар мен саңырауқұлақтар
түрлерінің санын басып айту қиын. Қазіргі таңда микроағзалар-
дың жаңа түрлері әлі күнге дейін табылуда. Тірі ағзалардың басты
ерекшелігі – көбейгіштігі, ал басты қасиеті – тіршілік жағдайына
бейімделгіштігі. Микроағзалар Жердің мәңгі тоң басқан қабатында
температурасы +100 °C-тан асатын гейзерлерде тіршілік ете алады.
Қоршаған ортада тіршілік жағдайлары ұқсас жануарлардың,
өсімдіктер мен микроағзалар-
дың жиынтығын биоценоз деп
атайды. Олар жер бетіндегі құр-
лықтың немесе судың белгілі бір
бөлігін мекендейді. Оларға өзара
және тіршілік ортасының табиғат
жағдайына бейімделген жануар-
лар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар,
микроағзалар жиынтығы жатады.
Өсімдіктердің, жануарлар-
дың, микроағзалар бірлестіктері –
биоценоздардың географиялық
таралу заңдылықтарын биогео-
графия ғылымы зерттейді.
1-тапсырма. Алдыңғы тақы-
рыптағы «Кения өзенінің алабы»
атты суреттен биоценоз, биоге-
оценозды анықта.
Биосфера – Жер қабықтары-
ның арасындағы салыстырмалы
ең жасы. Биосфера атмосфера-
ның төменгі қабатын, бүкіл гид-
росфераны және литосфераның
жоғарғы қабаттарын қамтиды.
Биосфераның жоғарғы және
Биосфераның шегарасы төменгі шегаралары тіршілікке
70

