Page 71 -
P. 71

жарамды жағдайлардың шегімен анықталады. Биосфера қабатының                                            География
            қалыңдығы шамамен 20–30 км-ге жетеді.
                Гидросфера. Гидросферада тіршілік Дүниежүзілік мұхиттың
            барлық тереңдігінде шамамен 10–11 км-ге дейін таралады. Алғашқы
            тіршілік суда пайда болған. Су – тіршіліктің басты қажетті көзі болып
            табылады. Құрлықта кездеспейтін тірі ағзалар суда мекендейді.                        АТМОСФЕРА
            Судың құрамында минералды заттар болады. Су өсімдіктері сол
                   textbooks nis edu kz
            минералды заттармен қоректенеді. Гидросферада тіршілік 200 м
            тереңдікке дейінгі беткі қабатында көп шоғырланған. Тірі ағзалар
            бүкіл суды 2 млн. жылда денесінен өткізіп шығарады. Бұл жағдай
            судың бірнеше қайтара жаңаруын білдіреді.
                Атмосферада тіршілік жоғарғы шегарасы 20 км биіктікте ғалам-
            шардың жоғарғы бөлігі мен озон қабатымен шектеледі. Ауа ағын-
            дары бактерияларды 20–21 км биіктікке дейін ілестіріп алып кетеді.                  ГИДРОСФЕРА
            6–7 км-ден астам биіктікте көбелектер мен өрмекшілер байқалған.
            Қазіргі кезде атмосферадағы бар оттек қорын жасыл өсімдіктер
            10 000 жылда бөліп шығара алатыны анықталған. Ал оттек мөл-
            шерінің бірқалыпты сақталуы жануарлардың тыныс алуына, жануға
            т. б. құбылыстарға байланысты.
                Литосфера. Литосферада тіршілік 3–4 км тереңдікте кездеседі,
            бұл жер қойнауының жоғарғы температурасы мен судың сұйық                               БИОСФЕРА
            күйінде таралуына байланысты. Температура жер қыртысында те-
            реңдік бойынша арта отырып, 1,5–15 км аралығында +100 °C-тан
            асып кетеді. Сондықтан бактериялар әрі дегенде 4 км тереңдіктен
            табылған. Литосфера қабатында топырақ қабатында таралады.
            Топырақ тіршілікке қажетті органикалық заттарды түзеді. Топырақ
            биосфера компоненттері адам – жануар т.б. ағзалардың мекені
            болып табылады.                                                                      ЛИТОСФЕРА
                2-тапсырма. Биосфераның шегарасы туралы суреттен биос-
            ферадағы ағзалардың алуантүрлілігі жайлы әңгіме құрастыр.         1. Жер шарында биосфера қаба-
                                                                                тын қалыптастырушы қандай
                                                                                әрекеттер орын алады?
                                                                              2. Дүниежүзіндегі температура
                                                                                мен жауын-шашынның тара-
                                                                                луы биосфераға қалай әсер
                                                                                етеді?
                                                                              3. Атмосфера мен литосфераның
                                                                                өзара байланысы қандай?
                                                                              4. Атмосфера мен гидросфера-
                 СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!                                                 ның  өзара  байланысы  қан-

                                                                                дай?
              1.  Биосфераны неге «тіршілік қабаты» деп атайды?
                                                                              5. Литосферадағы  физикалық
              2.  Биосфераның жоғарғы және төменгі шегараларында тіршілік
                 қалай таралады?                                                үдерістер мен әртүрлі ланд-
              3.  Егер биосфераның су қабаты жойылып кетсе, не болатынын ойлан.   шафтардың түзілуі биосфераға
                                                                                қалай әсер етеді?
              4.  Биосфераның маңызды компоненттерінің табиғаттағы рөлі
                 қандай?                                                      6. Гидросфера биосфераның да-
              5.  «Биосфера – биоценоз» тізбегінің өзара байланысын түсіндір.   муына қалай әсер етеді?
                                                                                                                 71
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76