Page 11 -
P. 11

Физика
            Векторларға амалдар қолдану

            Векторлық  шамаларға  қолданылатын  математика-
            лық амалдар скалярлық шамаларға қолданылатын
            амалдардан ерекшеленеді, себебі әрқашан қозға-
            лыстағы дененің бағытын ескеру керек. Бұл физика-      1                  2                  3
            лық  шамалар  әдетте  қозғалыспен  және  күшпен
                   textbooks nis edu kz
            байланысты.
            Коллинеарлы  векторлар  деп  бір  түзудің  бойында
            немесе параллель түзулерде жататын векторларды
            атайды. Егер векторлар бір түзудің бойында жатса
            және бір бағыттас болса, олар скалярлық шамалар
            сияқты қосылады. Алынған вектордың бағыты қосу         1                  2                  3
            кезінде сақталады.

            Егер  векторлар  бір  түзудің  бойында  жатса  және
            қарама-қарсы  бағытта  болса,  онда  мәні  үлкен
            вектордан мәні кіші векторды азайтамыз. Алынған      Үш аялдаманың арасында жүретін автобус
                                                                 қозғалысының жоспары.
            вектордың бағыты үлкен векторға бағыттас болады.

            Векторлардың және скалярлардың математикалық белгіленуі

            Физикалық шамаларды қысқартып белгілеу үшін грек және латын әліппесінің әріптері қолданылады.
            Сонымен қатар әртүрлі әдебиетте бір физикалық шама әртүрлі белгіленуі мүмкін, бірақ өлшем бірлігі
            бірдей болып қалады.
            Скалярлық шаманы белгілеу үшін әріптер (таңбалар) және өлшем бірліктері қолданылады. Мысалы:

            ●  m = 5 кг («m» — масса символы және «кг» — массаның өлшем бірлігінің таңбасы);
            ●  Т = 300 К (немесе 27  С) («Т» — температура таңбасы және «К» — температураның ХБЖ жүйесіне
                                    0
               сәйкес өлшем бірлігінің таңбасы);

            ●  t = 25 с («t» — уақыт таңбасы және «с» — уақыттың ХБЖ бойынша өлшем бірлігінің символы).
            Векторлық шама әріп үстіне бағдарша қою арқылы белгіленеді. Мысалы:

            ●  жылдамдық � =5 м/с таңбасымен белгіленеді. Жылдамдықтың векторлық шама екенін бағдаршаға
               қарап анықтауға болады, яғни бағдарша физикалық шаманың бағыты бар екенін көрсетеді (яғни
               жоғарыға, төменге, оңға, солға және т.с.с.).
            ●  Күш    = 5 Н таңбасымен белгіленеді. Күш те векторлық шама болып табылады, сәйкесінше күш
               әсерінің бағыты болады.



                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

              1.  Векторлық  және  скалярлық  шамаларға  мысал  келтір,  олардың
                 ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жаз.
              2.  Сен шамалары бірдей, бірақ бағыты қарама-қарсы болатын екі век-
                 торлық шаманы салыстырып жатырсың делік.
                 a) Осы векторлар туралы не айта аласың?
                 ә) Сен скалярлық шамаларды салыстырып отырсың деп қорытынды
                 жасауға бола ма? Неліктен?
              3.  Суретті дәптеріңе сал және векторларды қос.


                                                                                                                 11
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16