Page 27 -
P. 27
Физика
Дененің орташа жол жылдамдығын қалай есептейді?
Алматыдан Астанаға дейінгі автомагистраль жолы 1214 км құрайды. Жолаушылар автобусы бұл қашықтықты
19 сағатта жүріп өтеді. Автобустың орташа жылдамдығы келесі формула бойынша есептелінеді:
орташа жылдамдық = жалпы жүрген жол/жалпы жұмсалған уақыт
V орт =1214 км/19 сағат=63,9 км/сағ
textbooks nis edu kz
ХБЖ өлшем бірлігі бойынша: 63,9 км/сағ • (1000 м/3600 с)
= 17,15 м/с
Жолда жүргізушінің автобус жылдамдығын өзгертуіне
қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін?
Орын ауыстырудың орташа
жылдамдығы
Жылдамдық модулі жылдамдықтан өзгешеленеді. Векторлық Сочи (Ресей) автодромындағы Формула-1 жарыс
шама болып табылатын жылдамдықты қарастырған кезде, жолының сызбасы
біз сондай-ақ векторлық шама болып табылатын орын ауыстыруды пайдалануымыз керек. Орын ауыстыру дененің
бастапқы және соңғы орналасуымен байланысты. 2015 жылғы Ресейде болған Формула-1 жарысының Гран-при
иегері Себастьян Феттель ең жылдам айналымында жалпы 5,848 км қашықтықты 1 минут 40,071 секундта жүріп өтті.
Жоғарыдағы сызбадан жарыс жолының тұйық екенін байқауға болады. Демек, әр айналым сайын жарысушы әрдайым
бастапқы орнына қайтып келеді. Себастьян Феттельдің ең жылдам айналымда орташа жылдамдығы 58 м/с болуына
қарамастан, айналым біткен кездегі оның орташа орын ауыстыру жылдамдығы нөлге тең, себебі оның толық орын
ауыстыруы да соңында нөлге тең болды. Бұл пайымдау әр айналым үшін әділетті!
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Ит 1,5 м/с жылдамдықпен жү- 3. Велосипедшінің 3 минут ішіндегі қозғалысының орташа жол жыл-
гіріп келеді.Содан кейін допқа дамдығын және орын ауыстырудың орташа жылдамдығын анықта.
жетіп алу үшін 3,4 секунд ішінде
5 м/с дейін үдейді. Иттің жүрген A t = 0 мин Ә t = 1 мин
жолы неге тең?
2. Триатлоншы 4 сағат ішінде
3860 м жүзіп өтті, кейіннен 40 м 100 м 40 м
540 минут ішінде 180,2 км ве-
лосипедпен жүріп өтті, соңында
10 сағатта 42,2 км жүгіріп шықты. Б t = 2 мин В t = 3 мин
Әр кезеңнен кейін тынығуға
және спорттық киімін ауысты- 4. Сен Қазақстандағы «Дала арланы-2014» раллиіне қатысатын жол-
руға 50 минут жұмсалды. Орта- сыз жерде жүретін автокөлік жүргізушісің делік. Жалпы жол 314 км,
ша жол жылдамдығын м/с-пен оның ішіндегі 199 км арнайы жоғары жылдамдықпен жүретін жол.
есепте. Ралли жолы «Формула-1» мысалындағыдай тұйық емес. Уақыт
барысында қозғалыс және жылдамдық қалай өзгереді?
27

