Page 29 -
P. 29

Физика
            Егер дене қозғалысын тыныштық күйден бастайтын болса, онда бастапқы жылдамдық
            нөлге тең.

            Бірқалыпты үдемелі қозғалыстың үдеуі оң мәнді болып табылады, себебі соңғы жыл-

            дамдығы бастапқы жылдамдықтан артық: v > v o
            Тежелу – бірдей уақыт аралығында нысан жылдамдығының бірдей шамаға азаятын
            кездегі бірқалыпты емес (жылдамдығы тұрақсыз) қозғалыстың түрі.
                   textbooks nis edu kz
            Мысал: жүргізуші  60 км/сағ жылдамдықпен келе жатыр, содан соң бағдаршам алдында
            тоқтады. Осы жағдайда мәшине жылдамдығы азаяды, осылайша тежелу болады. Тежелу
            кезінде үдеу теріс мәнді болады, себебі соңғы жылдамдығы бастапқы жылдамдықтан
            кем:  v < v o

            Демек, тежелу кезіндегі нысан қозғалысының теңдігі келесі түрде болады:
             v = v o  – a ∙ t

            Есеп шығару мысалы

            Егер үдеуі 0,9 м/с  тең болса, бекеттен кетіп бара жатқан пойыздың жылдамдығы 0,5 ми-
                            2
            нуттан кейін қаншаға тең болады?


              Берілгені:               ХБЖ                   Шешімі
              t = 0,5 мин              0,5 ∙ 60 с = 30 с     v = v o  + a ∙ t
              a = 0,9 м/с 2                                  v = 0 м/с+ 0,9 м/с  ∙ 30 с
                                                                              2
              v o  = 0 м/с
              Табу керек: v                                  Жауабы: v = 27 м/с 2


             ЗЕРТТЕУ   Көлбеу жазықтық бойымен төмен сырғанап келе жатқан шардың қозғалысын
            зертте.
            1. Әртүрлі аймақта шар қалай қозғалады?

            2. Жазықтықтың көлбеу бұрышы шар қозғалысына әсер етеді ме?

             ҚОСЫМША   Резеңке жіпті пайдаланып сырғанап келе жатқан шардың дыбысын тыңда.
            5 бөлек резеңке жіпті пайдаланып, бірдей уақыт аралығында шардың дыбысын есту
            үшін оларды белгілі бір ретпен орналастыру мүмкін бе?





















                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

              1.  "Жылдамдықтың өзгеріс қарқындылығы тұрақты" фразасын түсіндір. Таңбаланған
                 диаграмма сал.
              2.  Неліктен үдеу векторлы шама болып табылады? Өз жауабыңды дәлелде.
                                                                                                                 29
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34