Page 28 -
P. 28

3.2.   Үдеу







                 Ұшақ Атыраудан                 Жылдамдықтың өзгеруі
                 Өскеменге ұшып                 2-тарауда уақыт ішінде нысан қалай өз жылдамдығын (жылдамдық
                 бара жатыр.                    модулін) өзгерте алатынын білдік. Біз оны жылдамдау немесе ба-
                 Ұшақтың ұшу                    яулау деп атадық.
                   textbooks nis edu kz
                 және қону кезіндегі            Нысанның жылдамдау қарқындылығы немесе жылдамдықтың
                 қозғалысының                   (жылдамдық модулінің) қаншалықты тез артуы үдеу деп аталады.
                 айырмашылығы                   Сен аялдамада автобусқа отырған кезде, оның жылдамдығы нөлден
                 қандай?                        бастап артады. Жүргізуші газ педаліне басқан кезден жылдамдықтың

                                                артуын сезесің.
                                                Нысанның баяулау қарқындылығы немесе жылдамдықтың
                                                (жылдамдық модулінің) қаншалықты тез төмендеуі тежелу (кері
                                                үдеу) деп аталады. Сен біртіндеп жылдамдығы төмендейтін және
                                                бағдаршам алдында тоқтайтын автобуста жүріп келе жатырсың
                                                делік. Жүргізуші тежегіш педаліне басады және сен жылдамдықтың
                                                азаюын сезесің.



















                                                Демек, үдеу және кері үдеу уақыт бірлігінде жылдамдықтың өзгеруін
                                                сипаттайтын векторлық шамалар болып табылады.
                                                Назарымызды үдеуге аударайық және қозғалыстағы нысан тұрақты
                                                үдеумен бірқалыпты жылдамдап келе жатыр деп болжайық.
                                                Үдеу — жылдамдықтың өзгеру қарқындылығы. Демек,
                                                нысан жылдамдығы тең уақыт аралығында бірдей шамаға артады.
                                                Математикалық түрде теңдеу төмендегідей көрініс береді:

                                                                               v – v o
                                                                             =  t

                                                a — дененің үдеуі;

                                                v — t уақыт мезетіндегі соңғы жылдамдық;
                                                v o  — бастапқы  t = 0  уақыт мезетіндегі бастапқы жылдамдық.
                                                                0
                                                                                                   м
                                                                                          м
                                                ХБЖ бойынша үдеудің өлшем бірлігі:  [   ] = ( / с )/с =
                                                                                                   с 2
                                                (1) теңдеуді түрлендірсек, үдемелі қозғалыстағы дененің жылдамдығы
                                                үшін келесі теңдеуді аламыз:

                                                a ∙ t =v – v  ;  v = v + a ∙ t           (2)
                                                          0       0
         28
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33