Page 37 -
P. 37

Физика
            қарағанда көбірек жылдамдық ала алады. Мысалы, мылтық атқан кезде – оқ пен мылтықтың жыл-
            дамдықтары әртүрлі. Массасы 5 г оқ алға қарай 600 м/с жылдамдықпен ұшады, ал массасы 5 кг мыл-
            тық 60 см/с жылдамдықты алып, иыққа тіреледі. Оқ жылдамдығы мылтық жылдамдығынан 1000 есе
            артық, ал оқ массасы мылтық массасынан 1000 есе кем. Демек, дене неғұрлым ауыр болса, өзара
            қатынас кезінде ол соғұрлым аз жылдамдық алады (дене инертті, демек, ол өз жылдамдығын сақтауға
            тырысады).


             ЕСТЕ САҚТА!    Дене инерттігін сипаттайтын физикалық шама дененің массасы деп аталады.
            Өзара әрекеттесуден кейін денелердің жылдамдықтары бірдей болса, онда олардың массалары да
            бірдей. Өзара әрекеттесуден кейін денелердің жылдамдықтары әртүрлі болса, онда олардың масса-
            лары әртүрлі.
            Екі өзара әрекеттесетін денелердің жылдамдықтарын салыстыра отырып, таразыға салынбайтын дене-
            лердің массаларын табуға болады. Ол әдіспен ғаламшарлардың, Күннің, Айдың массалары анықталды.

             ЕСТЕ САҚТА!    Бірінші дененің массасы екінші дене массасынан неше есе артық болса, бірінші дененің
            жылдамдығы екінші дене жылдамдығынан сонша есе кем болады.
             m 1  = ν 2

             m 2    ν
                     1
             ТАПСЫРМА   Жеңіл және ауыр салмақты екі
            арба, жіңішке жіппен байланған бүктелген
            серпімді пластина арқылы қосылған.
            а) Жіпті кескеннен кейін арбаларға не бо-
            лады?  textbooks nis edu kz
            ә) Қай арбаның жылдамдығы артық болады?
            Неліктен?


                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР


              1.  Аталған денелердің арасында (тепловоз және автокөлік, тас және қауырсын) қайсысы көбірек инертті,
                 қайсысының инерттігі төмендеу? «Инерттігі жоғары дене» деген ұғымды қалай түсінесіз? «Инерттігі төмен
                 дене» ұғымды ше? Үлкен және кіші денелердің массаларын анықтау тәсілдерін сипатта.
              2.  Екі шар соқтығысқаннан кейін тоқтады. Кіші шардың массасы 300 г. Соқтығысуға дейінгі олардың жыл-
                 дамдықтары сәйкесінше 6 м/с және 2 м/с болса, үлкен шардың массасы қандай?
              3.  Оливье салатын дайындау үшін 350 г шұжық, 560 г картоп, әрқайсысының салмағы 50 г болатын 4 жұмы-
                 ртқа, 100 г жасыл бұршақ және 30 г майонез пайдаланды. Салаттың массасын грамм және килограммен
                 есепте.
              4.  Түрлі массалы жүктері бар таразы бар делік, ең жеңіл жүктің массасы 1 грамм. Ол өлшеуге қажетті бұр-
                 шақтан ауыр. Бұршақтың массасын қалай анықтауға болады?
              5.  Алюминий және болаттан жасалған екі бірдей шарлардың массасы бірдей болады ма?
              6.  Көлемі кішкентай дененің массасы көлемі үлкен денеден кем болатыны шын ба?

                                                         2
                                                                              4
                                                                    3
              7.  Денелердің массаларын салыстыр: m =25 г, m =0,25 кг, m =250 мг, m =130г
                                                  1
              8.  Бәліш пісіру үшін аспазға табақшалы таразы, 200 грамм жүк және 9 кг ұн берілді. Үш әрекетпен 2 кг ұнды
                 қалай өлшеп алуға болады?








                                                                                                                 37
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42