Page 48 -
P. 48

5.3.   Тотығу және тыныс алу


                           үдерістерін салыстыру

        textbooks nis edu kz

                 Белсенді өмір сүру                Біз ауамен тыныс алған кезде оттек өкпеден қанға өтеді. Бұл газ
                 үшін қажет энергия             қан арқылы жасушаларға тасымалданады. Содан кейін жасушада
                 қайдан алынады?                оттек  әсерінен  органикалық  заттар  тотығып,  тотығу  өнімдері:
                                                көмірқышқыл  газы  мен  су  түзіледі.  Тотығу  ағзадағы  энергия  көзі
                                                болып табылады. Көмірқышқыл газы тыныс (дем) шығарған кезде
                                                өкпеден  шығарылады.  Өкпеде  газ  алмасу  үдерісі  осылай  жүреді.
                                                Басқаша  бұл  үдерісті  тыныс  алу  деп  атайды.  Тыныс  алу  үдерісі
                                                жалынсыз жану үдерісі болып табылады.

                                                   Тапсырма
                                                   Тамақтану  пирамидасын  еске  түсіріңдер.  Сендердің  пікірлерің
                                                бойынша,  қандай  тамақ  жасушалық  тыныс  алу  кезінде  едәуір  көп
                                                мөлшерде энергия бөліп шығарады?

                                                   Зерттеңдер
                                                   Жану үдерісі кезінде не түзіледі? Ол үдерістің тыныс алумен қан-
                                                дай ұқсастығы бар? Эксперимент жасап көрейік!
                                                1. Жаңғақты шыны химиялық құтыда (колба) жағып, бөлінген газды
                                                   әк суы арқылы тексеріңдер.
                                                2. Мұз  салынған  химиялық  шыны  стақан  астында  балауыз  шам-
                                                   ды  жағыңдар.  Алынған  тамшыны  кобальт  (ІІ)  хлориді  бар  қағаз
                                                   арқылы тексеріп көріңдер.
                                                3. Түтікше арқылы әк суына жайлап үрлеңдер.
                                                4. Айнаға  қарай  дем  шығарыңдар.  Алынған  тамшыны  кобальт  (ІІ)
                                                   хлориді бар қағаз арқылы тексеріп көріңдер.
                                                A. Жану үдерісі кезінде не түзіледі?
                                                Ә. Тыныс  шығарған  кездегі  ауа  құрамынан  қандай  газды  анықта-
                                                   дыңдар? (Бұл газ тыныс алу үдерісі жүрген жасушаларыңнан түседі.)
                                                Б.  Тыныс алу өнімі не?
                                                В.  Тыныс  алу  және  жану  үдерістері  арасында  қандай  ұқсастықтар
                                                   мен айырмашылықтар бар?

                                                   Ойланыңдар
                                                   Пеш, жүріп бара жатқан автомобиль және адам ағзасы арасында
                                                қандай ұқсастық бар? Көмек ретінде берілген кестені пайдаланыңдар.

                                                 Реакция белгілері               Жану            Тыныс алу
                                                 Жаңа заттардың түзілуі          ✓               ✓
                                                 Жылудың бөлінуі                 ✓               ✓
                                                 Жарықтың бөлінуі                ✓               ✓
                                                                                 Жоғары
                                                 Жылу бөліну жылдамдығы
                                                                                                 Төмен

                                                 Ағза үшін жылудың бөлінуі

                                                   Күрделі тапсырма
                                                   Ағзалардың тіршілік әрекеті үшін энергия қажет. Қимыл-қозғалыс,
                                                ойлау, барлық ішкі мүшелердің жұмысы, бұлшық еттердің жиырылуы
                                                және тірі ағзалардың басқа да кез келген әрекеті үшін энергия қажет.
                                                Тіпті ұйқы кезінде энергия жұмсалады, себебі жүрек пен ми сияқты
                                                мүшелер тоқтамай жұмыс істейді.
                                                   Адам ағзасы туралы меңгерген білімдеріңді пайдаланып, едәуір
                                                мөлшерде  энергия  қажет  мүшелерің  туралы  шағын  ескертпе
                                                жазыңдар. Осы мүшелерге энергия қалай жеткізілетінін түсіндіріңдер.
                                                Тапсырманы таңғы ас ішуден бастап орындаңдар.
         48
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53