Page 47 -
P. 47

Зерттеңдер
               Қант  (Фелинг  ерітіндісін  пайдаланып)  пен  нәруызды  (Биурет                                    ХИМИЯ
            реакциясы арқылы) анықтау үшін тест жүргізіңдер.
        textbooks nis edu kz
              Пәнаралық байланыстар

                 Биология  курсынан  крахмал  мен  майды  анықтауды  білетін
              боласыңдар!



              Орындаңдар

              Өз рациондарың қандай болу керек екенін зерттеп, анықтаңдар.
              Жасөспірім  үшін  күнделікті  қажет  энергия  шамамен  10  кДж
              құрайды. Тағы не туралы білу керек? Сендерге қандай қоректік
              заттар,  қандай  мөлшерде  қажет?  Тәуліктің  қандай  уақытында,
              қай тамақ түрін көп немесе аз жеу керек? Енді не алынғанын қа-
              растырайық.
              Интернет ресурстарын пайдаланып, бір күнге арналған тамақ ра-
              ционын құрастырыңдар. Оған:
              •  тамақ атауы мен ішетін уақытты;
              •  тамақ түрін;
              •  ішетін тамақ мөлшерін (г);
              •  осы тамақ мөлшеріндегі майлар, нәруыздар мен көмірсулар-
                 дың мөлшерін (г);
              •  әр мөлшердегі килоджоульді (кДж);
              •  пайдаланатын килоджоульдің жалпы мөлшерін жазыңдар.






                                                                                      Қантты анықтау (Фелинг
                                                                                      сынамасы)






























                                                                                      Биурет реакциясы









                                                                                                                 47
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52