Page 46 -
P. 46

5.2.   Қоректік заттар





        textbooks nis edu kz
                 Пайдалы тағам                     Диетологтар  мен  ғалымдар  пайдалы  тағам  пирамидасын
                 дегенді қалай                  ұсынады. Пайдалы тағам құрамбөліктерін оңай есте сақтауға болады.
                 түсінесіңдер?                  Пирамида негізіне су, содан кейін нәруыздар мен көмірсуларға бай
                                                тамақ орналастырылған. Пирамиданың төбесінде майлар, қант, тәтті
                                                сусындар  мен  тәтті  тағамдар  тұр.  Тамақтану  рационында  олардың
                                                мөлшері барынша аз болуы керек.


                                              Аз мөлшерде       Тәтті тағамдар, сусындар,


                                                                жеңіл тамақтар



                                                                     Нәруыздар мен
                                                                     майларға бай тағамдар


                        Күн сайын
                    өзгертіп отыру
                            керек                                          Жеміс-жидектер мен
                                                                           көгөністер




                                                                                 Дәнді дақылдар


                    Көп мөлшерде                                                         Су





                                                                                     Пайдалы тағам пирамидасы

                            1-тапсырма
                            Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.
                           Мен кеше жеген тамақ, ішкен     Осы тамақтағы негізгі   Қоректік заттар
                           сусын                           қоректік заттар         құрамындағы элементтер







                         нәруыздар жатады. Қалыпты дене салмағын сақтау үшін калориямен қамтамасыз ету жұмсалған


                            Тамақтың басты құрамбөліктеріне ағзамызға энергия көзі ретінде қажет көмірсулар, майлар мен

                         энергия шығынына немесе физикалық белсенділікке (дене қимылына) сәйкес келуі керек.
                            Қалыпты  еңбек  әрекеті  кезінде  адамның  энергетикалық  шығыны  жеген  тамақтағы
                         көмірсулар  есебінен  55–60%,  майлар  арқылы  20–25%,  нәруыздар  есебінен  55–60%
                         толықтырылады.  Нәруыздардың  энергия  өндірудегі  маңызы  шамалы,  бірақ  олар  біздің
                         жасушаларымыздың құрылыстық қызметін атқарады. Сондықтан тамақ рационында ағзаны
                         энергиямен  және  жасұнықпен  (клетчатка)  қамтамасыз  ететін  көгөністер,  жидектер  және
                         дәнді дақылдар болуы қажет.

                            2-тапсырма
                            Тамақтану пирамидасын пайдаланып, үйлестірілген тағамды дөңгелек диаграмма түрінде
                         көрсетіңдер.
         46
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51