Page 45 -
P. 45
Тамақ не үшін қажет?
Ағзадағы энергия шығыны қоректену үдерісінде қалпына келеді. Кез келген тамақ ХИМИЯ
энергия береді. Әсіресе майлар мен көмірсулар энергияға бай. Нәруыздар, көмірсулар
мен майлар жасушаның құрылыс материалы болып табылады. Олар да ағзаға тамақпен
бірге түсіп, оның тіршілік әрекетінде маңызды рөл атқарады. тердеkz
Мида
60-80 жас edu Бүйрек-
75%
83%
Сүйек-
терде
textbooks nis
22%
еттерде
0-1 жас 5-14 жас 20-35 жас 40-50 жас Бұлшық
60%
ЖАС АДАМ ЕРЕСЕК ҚАРТ АДАМ Қанда
АДАМ
92%
Адам ағзасындағы судың мөлшері
Зерттеңдер
Адам ағзасының әртүрлі мүшелеріндегі судың мөлшерін салыстырыңдар.
Неліктен көптеген дәрігерлер күндізгі тамақ рационында ересек адамға орташа
2-3 л су ішуді ұсынады? Оған қоршаған орта қалай әсер етеді?
Оттек адам ағзасына тыныс алу үдерісінде түседі де, қан арқылы өкпеден
жасушаларға жеткізіледі. Ол майларды, көмірсулар мен нәруыздарды тотықтырып,
оларды едәуір қарапайым қосылыстарға, су мен көмірқышқыл газына айналдырады.
Тотығу үдерісінде ағзаның тіршілік әрекеті үшін қажет энергия бөлінеді.
2-тапсырма
Берілген элементтердің мөлшері мен олардың адам ағзасындағы рөлін анықтаңдар.
Зерттеулеріңді түрлі түсті постер түрінде ұсыныңдар.
a) мыс; ә) темір; б) марганец; в) магний; г) селен; ғ) мырыш.
Орындаңдар
1. Адам ағзасындағы масса бойынша 96% құрайтын 4 химиялық элементті
атаңдар.
2. Мынадай сөйлемдерді пайдаланып, қысқаша мәтін құрастырыңдар.
Адам ағзасында … болады.
Бұл элементтер … үшін қажет.
Белгілі бір элементтер болмаса … .
3. Адам ағзасына қандай дәрумендер қажет? Олар қандай рөл атқарады?
45

