Page 65 -
P. 65
Зерттеңдер
«Қыздырған кезде натрий нитратының ерігіштігі» деген эксперимент жүргізіңдер. ХИМИЯ
Сынауықтың 1/3 бөлігін сумен толтырып, натрий нитратын қосыңдар. Тұзды еріту үшін
textbooks nis edu kz
жақсылап араластырыңдар. Еру үдерісін бақылаңдар. Тағы да тұз қосыңдар. Тұздың
еруі тоқтаған кезде сынауықты қыздырыңдар. Не бақылағандарыңды сипаттаңдар.
Кестеде жетпейтін мәліметтерді табыңдар. Берілген мәліметтерді пайдаланып, натрий
нитратының температураға байланысты ерігіштік графигін сызыңдар.
Натрий нитратының ерігіштігі туралы мәліметтер
0
Температура, С Ерігіштік, г/100 г су
0 5
10 24
20 40
30 ?
40 62
50 ?
60 120
70 ?
120 ?
3-тапсырма
Заттардың ерігіштігін есептеу
1. 80 г тұз ерітіндісін кепкенше суалтты. 20 г тұз алынды. Осы мәліметтерді пайдала-
нып, 100 г судағы тұз ерігіштігін анықтаңдар.
Мындай мәліметтерді пайдаланыңдар:
a) ерітіндінің жалпы массасы =
ә) еріген тұз массасы =
б) су массасы =
в) 1 г суда еріген тұз массасы =
г) 100 г судағы тұз массасы =
2. Ерігіштік қисық сызығын пайдаланып, есепті шығарыңдар.
А. 10 С температура кезінде 100 г суда калий хлоридінің қанша мөлшері (граммен)
0
0
ериді? 50 С кезінде қанша грамм тұз ериді? Қандай қорытынды шығаруға бола-
ды?
0
Ә. 50 С температура кезінде 200 г суда натрий хлоридінің қанша мөлшері (граммен)
ериді?
Орындаңдар
1. Су жылы болған кезде балықтарға не үшін тыныс алу қиын?
2. Ерігіштік қисық сызығы бойынша әртүрлі:
0
0
0
а) 10 С; ә) 20 С; б) 100 С температурадағы натрий хлоридінің ерігіштігін салыстырыңдар.
3. Әртүрлі екі тұздың ерігіштігін салыстыру үшін үйде қолдануға болатын әдіс туралы егжей-тегжей
жазыңдар.
Сендер білесіңдер ме?
Өлі теңіз дүниежүзіндегі ең тұзды көл болып табылады. Алайда, Өлі теңізге
құрамы ұқсас көл Алматы маңайында орналасқан. Ол «Тұзкөл» деп аталады. Көл
суы өте тұзды, судағы тұздың мөлшері 1 литрде 300 грамға жетеді! Салыстыру
үшін: Өлі теңізде концентрациясы шамамен 340–350 г.
65

