Page 81 -
P. 81
Зерттеңдер
4-суретте фосфор, күкірт, алюминий, магний жай заттарының ХИМИЯ
үлгілері берілген. Олардың сыртқы көрінісін қарастырып, агрегаттық
textbooks nis edu kz
күйін сипаттаңдар.
• Олардың жылтыры бар ма, жоқ па?
• Олардың қайсысы металл не бейметалл екенін анықтаңдар.
Бұл элементтердің периодтық кестедегі орны бойынша өз
болжамдарыңды тексеріңдер. Болжамдарың дұрыс болды ма?
Неліктен? Түсіндіріңдер.
Фосфор Күкірт Алюминий Магний
Орындаңдар
1. Химиктер элементтердің қасиеттерін еске түсіру үшін пери-
одтық кестені пайдаланады. Периодтық кестені пайдаланып,
берілген тұжырымдар туралы не айтуға болады?
A. Атомдық нөмірінің өзгеруі.
Ә. Протон санының өзгеруі.
Б. Салыстырмалы атомдық массасының өзгеруі.
2. Неліктен периодтық кесте әртүрлі тілде сөйлесе де барлық хи-
миктерге түсінікті екенін түсіндіріңдер.
3. Қысқа және жартылай ұзын периодтық кестелерді салысты-
рыңдар. Олардың әрқайсысында қанша элемент топтары
бар? Элементтің орнын сипаттау үшін осы кестелердің қайсы-
сы қолайлы? Мысалдар келтіріңдер.
81

