Page 101 -
P. 101

textbooks nis edu kz
          4.2 Халық санын анықтау




          ?   Халық санын білудің қандай қажеттілігі бар?
             Расында өзіміз тұратын елді мекендегі халық санын білеміз бе?     Сен:
             Бұл іспен кімдер айналысады?                                      ✔	 халық санын анықтау
                                                                                  әдістерін білетін боласың.




         17 000 000             16 464 464
         16 500 000                                        16 009 597
         16 000 000
         15 500 000                           14 953 126
         15 000 000  14 684 289
         14 500 000
         14 000 000
         13 500 000
                     1979          1989         1999         2009





           Қазақстанның әр 10 жылдағы халық саны көрсетілген диаграмма

             Халық санын анықтаудың кең таралған түрі – халық са-
          нағы. Бұл – белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл ел халқының
          немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық,
          әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау,
          тарату мақсатындағы жалпымемлекеттік статистикалық ша-
          ралар. Халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі. Мұндай
          үлкен шараға мемлекет көптеген қаржы бөледі. Халық санын
          анықтау арқылы сол аймақтың әлеуметтік жағдайын жақ-
          сартуға қатысты құрылысты жоспарлауға болады. Еліміздегі
          басқа да ұлттардың санын біледі. Қала мен ауыл халқының
          үлесін анықтайды. Ерлер мен әйелдер санын анықтайды.
          Жалпы халық санағының қорытындысынан көптеген мәлі-
          меттер алуға болады.

          ?   1. Қазақстанның әр 10 жылдағы халық саны көрсетілген диаграмма-
             дан қандай ақпарат алуға болады?
             2. Халық санағын неліктен 10 жылда бір рет жүргізеді? Себебін тү-
             сіндір.
             3. Халық санағын жүргізуші мамандар халықты қалай санайды? (Әді-
             сін түсіндір.)
             4. Диаграмманы қолдана отырып, Қазақстанның халық санағы ке-
             зіндегі көрсеткіштерге талдау жаса. Неліктен 1979 және 1999 жылы
             халық саны азайып, 1989 және 2009 жылы қайта өскен? Себебін
             түсіндір.



                                                                                                        101
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106