Page 96 -
P. 96
textbooks nis edu kz
Зоналылық. Өткен сабақта зоналылық мәселесін қарас тырдық. Сен біле-
тін ендік пен биіктік зоналардың таралуы белгілі бір заңдылыққа бағынады.
? 1. 4-суреттегі ендік пен биіктік зоналарының таралу заңдылықтарын түсіндір.
2. Ендік пен биіктік зоналарының қалыптасуындағы заңдылықтың қандай ортақ белгілерін
байқауға болады?
4-сурет. Зоналылық
Ырғақтылық. Белгілі бір құбылыстың уақыт ішіндегі мерзімділігі мен қай-
талануын ырғақтылық деп атайды. Оның түрлері: тәуліктік (күн мен түннің
ауысуы) – Жердің өз білігінен айналуы тәуліктік ырғақтылықты туғызады. Әр
ірі табиғат кешені үшін температураның, ылғалдылықтың, өсімдіктер мен
жануарлар әрекетінің өзіне тән тәуліктік ырғақтылығы қалыптасады. Жердің
Күнді айналуы табиғи үдерістердің (мау сымдық) ырғақтылығын түзеді. Жылдық
ырғақтылық – жыл мезгілдерінің ауысуы. Ғасырлық – Күннің белсенділігінің
11 жылда бір рет қайталануы. Әрі қарай мыңжылдықтар мен миллион жылда
қайталанатын ырғақтылықтар жатады. Оған белсенді тау түзілуі, климаттың
суынуы мен жылынуы жатады.
Сенің кезегің
1. Географиялық қабықтың заңдылықтарын ата.
2. Егер географиялық құрамбөліктерінің бірі өзгеріске түссе, тұтас тық қалай өзгеретініне талдау жаса.
96

