Page 103 -
P. 103

textbooks nis edu kz
          4.3 Халықтың ұдайы өсуін жіктеу



             Халықтың ұдайы өсуі – адамзаттың саны, жасы және жы-
          ныстық құрамының үздіксіз жаңарып отыруын қамтамасыз                 Сен:
          ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиын-            ✔	 дүниежүзі елдерін
          тығы болып табылады. Халықтың сан мөлшері 1000 адамға                   халқының ұдайы өсу
                                                                                  түрі бойынша жіктей
          шаққандағы көрсеткішпен есептеледі. Оның өлшем бірлігі
                                                                                  алатын боласың.
          – промилле (‰). Халықтың ұдайы өсуін мынадай формула
          бойынша анықтайды: Т‰ (туу) – Ө‰ (өлім-жітім) = ТӨ‰
          (табиғи өсім). Мысалы, дүниежүзі халқының ұдайы өсуін
          формула бойынша есептейік: 28‰–10‰=18‰. Дүниежүзі
          бойынша халықтың табиғи өсімі 18‰ құрайды.

             Халықтың ұдайы өсуінің бірінші типі – туу, өлу және та-
          биғи өсу көрсеткіштері төмен; халық саны тұрақты; халықтың
          «қартаюы» байқалады, адамдар ұзақ өмір сүреді.


                Орта есеппен     Жапония  Ұлыбритания  АҚШ       Ресей     Қытай     Түркия     ОАР












                                45,9       40,2      38,3      37,4      35,4      29,4        26
              29,2**
                   11,7%*          32,3%       28%      19,7%     19%       13,9%     10,8%      8,6%

            *60 жастан асқан адамдар үлесі (ел халқының жалпы санының)
            **халықтың орташа жасы
            (БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелері бойынша департаментінің деректері бойынша)

                                           1-сурет. «Қартаюшы» мемлекеттер


          ?   1. «Қартаюшы» мемлекеттердің алдыңғы қатарында дамыған мемлекеттер тұр. Бұл мемле-
             кеттерде неліктен қартаю үдерісі жүруде?
             2. Жапония, Ұлыбритания сынды мемлекетте қарт адамдар санының басым болуы неге

             алып келеді?
             3. Ресейде неліктен туу мөлшері аз? Жауабыңды дәлелдер арқылы түсіндір.

             Халықтың ұдайы өсуінің екінші типі – туу көрсеткіштері жоғары, өлім бір-
          шама төмен, табиғи өсім жоғары; халық саны үнемі көбеюде; халықтың жалпы
          санында балалар саны басым. Мұндай мемлекеттердің қатарына Шетелдік Азия,
          Африка, Мұхиттық аралдар жатады.






                                                                                                        103
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108