Page 102 -
P. 102

textbooks nis edu kz





























                                                      Интернет сайты


                Қазақстанда халық санын анықтаумен АХАЖ бөлімі де
            айналысады. АХАЖ – азаматтардың хал-ахуалын жазу. Нә-
            рес тенің дүниеге келуі, азаматтардың некеге отыруы, қайтыс
            болуы және т.б. мәліметтер АХАЖ бөлімінде тіркеледі. АХАЖ
            бөлімі әр қалада бар. Жоғарыдағы суретте көрсетілген сайт-
            тан АХАЖ-дың тағы нені тіркейтінін біле аласың.
             Тапсырма   1. АХАЖ бөлімі халық санын анықтауға қалай көмектесе
            алатынын сипатта.
            2. АХАЖ-дың мемлекеттік маңызды іспен айналысатынын дәлелде.
            3. Неліктен АХАЖ деректері маңызды болып саналады?
                                                                                          Мигранттар
                Халық санын анықтаудың басқа әдісімен көші-қон поли-
            циясы айналысады. Көші-қон полициясының міндеті басқа мемлекеттерден
            қанша азамат келді, қанша азамат басқа мемлекеттерге кетті, олардың орын
            ауыстырудағы мақсаттарын анықтау, тіркеу болып табылады. Егер заңсыз келген
            мигранттар болса, оларға шара қолданып, елдеріне қайтарады.

             ?   1. Мигранттардың мемлекет шегарасынан заңсыз өтуі халық санағына қалай әсер етеді?
                2. Көші-қон полициясының мақсаты қандай?

              Сенің кезегің
              1.  Халық санағын анықтау әдістерін атап, түсіндір.
              2.  Халық санағын жүргізу маңызын сипатта.
              Мен зерттеушімін!
                 Ғаламтор деректерін қолдана отырып, Қазақстан халқының халық санағына талдау жаса. Қарасты-
              рылатын мәселелер: 1) халық саны; 2) ұлттық құрамы; 3) қала халқы мен ауыл халқының пайыздық көр-
              сеткіштері (1999 жыл мен 2009 жылды салыстыру негізінде).



             102
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107