Page 106 -
P. 106

textbooks nis edu kz
                Халықтың табиғи өсімі – белгілі бір уақыт аралығында туылғандар (N) мен
            қайтыс болғандардың (M) саны арасындағы айырманың абсолюттік шамасы.
                Есептеу формуласы: К = N – M
                Халықтың механикалық өсімі – белгілі бір уақыт аралығында көшіп кел-
            гендер мен көшіп кеткендер санының айырмасы.
                Есептеу формуласы:
                МӨ (механикалық өсім)=П (көшіп келгендер) – В (көшіп кеткендер)
                Жалпы халықтық өсім – табиғи өсім мен механикалық өсімнің айырмасы.
                Есептеу формуласы: ЖӨ = Т(табиғи өсім) – М(механикалық өсім)
                Есептейік. Аталған формулаларды қолдана отырып, Қазақстандағы 2014
            жылғы туу мен өлу коэффициентін және табиғи өсімді есепте.


                Туылғандар саны – 401066.
                Қайтыс болғандар саны – 132236.
                Халық саны – 17165239.



             Тапсырма   Туу коэффициенті мен өлім-жітім коэффициентінің көрсеткіштерін өзара салыс-
            тырып, қорытынды шығар.

                Салыстырайық. Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштерді кестеде
            берілген мемлекеттермен салыстырып, қорытынды шығар.

                    Бірқатар дүниежүзі мемлекеттерінің 2014 жылғы демографиялық көрсеткіштері

               Мемлекеттер     Туу коэффициенті (‰)  Өлу коэффициенті (‰)     Табиғи өсімі (%)
             Нигер            46,12                 12,73                  33,39
             Пәкстан          23,19                 6,58                   16,61
             Германия         8,42                  11,29                  −2,87

             ?   1. Қай мемлекеттің демографиялық көрсеткіші Қазақстаннан төмен және жоғары?
                2. Бұл мемлекеттердің экономикалық деңгейінде қандай айырмашылық бар екенін және
                оның демографиялық көрсеткішке тигізетін әсерін талда.
                                                                                  Сенің кезегің
                                                                                  1.  Демографиялық  көрсет-
                                                                                     кіштерді есептеу неліктен
                                                                                     маңызды?
                                                                                  2.  Экономикасы дамыған мем-
                                                                                     алып, демографиялық көр-
                                                                                     лекеттердің  біреуін  таңдап
                                                                                     сеткіштеріне  Қазақстанмен
                                                                                     салыстыра отырып баға бер.











             106
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111