Page 107 -
P. 107
textbooks nis edu kz
4.5 Елдерді демографиялық
көрсеткіштері арқылы жіктеу
Дүниежүзі елдері халқының саны, туу және өлім көрсет-
кіші, жалпы өсімі әркелкі болады. Оларды жіктеу үшін бізге Сен:
арнайы шкала қажет. Демография саласын зерттеп жүрген ✔ елдерді демографиялық
Л.П. Харченконың еңбегіне негізделе отырып, 1-кестегі туу көрсеткіштер
бойынша жіктеуді
деңгейін бағалау шкаласын талдайық.
үйренетін боласың.
1-кесте. Туу деңгейін бағалау шкаласы
Туудың жалпы коэффициенті (‰) Туу деңгейінің сипаттамасы
16-ға дейін Төмен
16,0–24,9 Орташа
25,0–29,9 Жоғары
2-кесте. Өлім деңгейін бағалау шкаласы
Коэффициент (‰) Өлім деңгейінің сипаттамасы
25–34,9 Өте жоғары
15,0–24,9 Жоғары
10–14,9 Орташа
10-ға дейін Төмен
? 1. Мұндай арнайы шкала болмаса қандай қиындық туындар еді? Себебін түсіндір.
2. Кестеде берілген мемлекеттердің туу және өлім деңгейін жоғарыдағы бағалау шкаласы арқылы жікте.
3-кесте. 2005–2010 жылғы БҰҰ дерегі бойынша
Мемлекет Туудың жалпы Мемлекет Өлімнің жалпы
коэффициенті (‰) коэффициенті (‰)
Гана 29,6 Сьерра-Леоне 22,1
Пәкстан 27,2 Ауғанстан 19,9
Боливия 27,3 Танзания 12,9
Никарагуа 24,9 Намибия 12,4
АҚШ 14,0 Қазақстан 10,1
Оман 22,1 Ұлыбритания 9,9
Қазақстан 19,7 БАӘ 1,4
Куба 10,3 Мексика 4,8
Ливан 18,2 Чад 15,4
Жапония 8,3 Италия 10,5
Тапсырма Дамушы мемлекеттер мен дамыған мемлекеттердің демографиялық көрсеткіштерінің айырма-
шылықтарына талдау жаса.
107

