Page 124 -
P. 124
textbooks nis edu kz
өтеді. Республика аумағы әуе тасымалдаумен қамтамасыз етілген десе болады.
Ірі халықаралық әуежайлар Алматы, Астана, Атырау қалаларында орналасқан.
Каспий теңізінде екі: «Ақтау» және «Баутино» теңіз порты орналасқан. Ақтау
теңіз порты мұнай шикізаты мен мұнай өнімдерін, құрғақ жүктерді тасымал-
дауға бағытталған халықаралық теңіз қатынастары бойынша қызмет етеді.
Климаттық ерекшеліктерге байланысты ел үшін маусымдық көлігі болып та-
былатын өзен көлігінде Ертіс, Жайық өзендері негізгі орын алады.
Қазақстан бойынша жүк тасымалындағы Жолаушылар тасымалы (2016 ж.)
көлік түрлерінің үлесі (2016 ж.)
0,002%
0,30% 4,44%
6,8%
14,20% темір жол көлігі автомобиль көлігі
құбыр көлігі темір жол
автомобиль көлігі әуе көлігі
25,40% өзен көлігі ішкі су көлігі
59,80%
88,8%
? 1. Қазақстан халқы мен шаруашылығы үшін көлік қандай қызмет атқарады?
2. Еліміздегі негізгі көлік түрлерін ата.
3. Не себептен өзен көлігі еліміз үшін маусымдық көлік түрі болып табылады?
4. Жүк тасымалы бойынша Қазақстанда темір жол көлігінің басым болуын түсіндір.
5. Қазақстанда қандай көлік түрлері жетекші орын алады? Себебі неде?
6. Автомобиль көлігінің жолаушылар мен жүк тасымалдаудағы рөліне баға бер.
Сенің кезегің
1. Көлік инфрақұрылымының элементтерін ата.
2. «Көлік кешені» деген ұғымды басқаша қалай атауға болады?
3. АКТ-ны пайдаланып, кескін картаға Жер шарындағы ең ірі 10 теңіз порты мен әуе-
жайларын түсір.
4. Әлемдік көлік кешенінің бір бөлігі болып есептелетін Қазақстанның көлік кешеніне
баға бер.
5. «Көлік инфрақұрылымының элементтері» деген тақырыпта сызба сыз.
6. «Көліксіз шаруашылықтың дамуы мүмкін емес» деген тұжырымға қатысты өз пікіріңді
білдір.
124

