Page 126 -
P. 126

textbooks nis edu kz
            өнер мұражайы және т. б. мұражайлар орналасқан. Манхэттен көшелерінің орналасуы қарапайым
            тұрғындар үшін өте қолайлы. Манхэттенде Нью-Йорктің Орталық саябағы орналасқан. Саябақ
                                                          2
            ұзындығы – 4 км, ені – 800 м, ауданы – 3,4 км . Бұл саябаққа жылына шамамен 25 млн турист ке-
            леді, ал жергілікті халық саябақты рекреациялық (демалу, сауығу) мақсатта пайдаланады. Кешкі
            сағат 7-ден кейін саябақ маңында автокөлікпен жүруге тыйым салынады.
             ?   1. Әлеуметтік инфрақұрылымды басқаша қалай атайды?
                2. Әлеуметтік инфрақұрылым салаларын орналастыру факторларын ата.
                3. Не себептен Нью-Йорк қаласының инфрақұрылым кешені өте жақсы дамыған?

                Негізгі ұғымдар
                Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақ-
            тағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір цикліндегі, адамдардың бос уақыттарын пайдалану
            кезінде іске асырылатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени көңіл көтеруге арналған
            шаралар жиынтығы.
                Рекреациялық ресурстар – адамның денсаулығын, еңбекке жарамдылығын қалпына
            келтіретін, туризм индустриясында қолданылатын табиғи, табиғи-техникалық, әлеуметтік-
            экономикалық кешен және олардың элементтерінің жиынтығы. Рекреациялық ресурстар
            табиғи-географиялық және тарихи-мәдени болып екіге бөлінеді.
            ✔	 Табиғи-географиялық рекреациялық ресурстар – бұл табиғат, табиғи-техникалық геожүйелер,
               табиғат көріністері және олардың құрамбөліктері мен ерекшеліктері, табиғат қорғау аумақтары
               (қорықтар, ұлттық саябақтар) болып табылады.
            ✔	 Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар (әлеуметтік-экономикалық) – мәдени нысандар,
               тарихи ескерткіштер, архитектура, аумақтың этногеографиялық ерекшеліктері.


































             ?   1. Рекреациялық ресурс дегеніміз не?
                2. Қазақстанның рекреациялық ресурстар картасынан табиғи және тарихи-мәдени ресурстарды теріп жаз.
                3. Қазақстанның рекреациялық ресурстарының потенциалдық пайдалану мүмкіндігіне баға бер.





             126
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131