Page 127 -
P. 127
textbooks nis edu kz
5.2.4 Экономикалық инфрақұрылым
элементтерінің маңызы
Экономикалық инфрақұрлым элементтері – бұл нарықтық
инфрақұрылым бөліктері: көлік, су және электр жүйелері, Сен:
банк жүйесі, сауда-саттық орталықтары мен банктік емес ✔ экономикалық
ұйымдар. Олар бірлесе отырып белгілі түрде белгілі ауданда инфрақұрылым
элементтерін сипаттап,
экономикалық тұрғыда өсуді қамтамасыз етеді. Экономика-
маңыздылығына
лық инфрақұрылым элементтері: (қазақстандық
1) сауда-саттық ұйымдары. Олар материалдық өнім компонентті қосымша
өндірмейді, алайда сол өндіріс пен тұтынушының арасын- қамту негізінде) баға
дағы байланыстырушы құрал болып табылады. Бұл ұйым- беруді үйренетін боласың.
дар өндіріс орталықтарымен тікелей байланысып, тауардың
өнімділігі мен көлемін, қажеттілігін айқындайды, өнеркәсіпті
«басқарады»;
2) биржа. Биржа саудасы – нарықтың дұрыс жұмыс істе-
у інің басты кепілі. Үлкен партиялы тауарлар мен валютаның
қозғалысы биржамен тікелей байланысты;
3) банк жүйелері. Нарықтық экономикадағы шаруашы-
лық субъектілерінің арасындағы ақша айналымын ұйымдас-
тыратын ұйымдардың жиынтығы. Көптеген мемлекеттерде А
банк жүйесі орталықтандырылған банк пен коммерциялық
банктерден тұрады;
4) банктік емес ұйымдар. Бұл қаражатпен жұмыс істейтін
банктік статусы жоқ мекемелер. Оларға сақтандыру компа-
ниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар мен
несие беру мекемелері жатады;
5) көлік жүйесі. Экономиканың басты қозғаушы күші. Ол
тауар айналымының жылдамдығы мен нәтижелілігіне жауап Ә
береді.
1-сурет. 1960 жылғы (А)
? 1. Экономикалық инфрақұрылым элементтеріне не жатады? және қазіргі заманғы (Ә)
2. Экономикалық инфрақұрылым элементтері арасындағы байла- Сингапур қаласының көрінісі
нысты анықта. Сызба түрінде көрсет.
Нарықты дамыту үшін экономикалық инфрақұрылым кешенді түрде дамы-
тылуы тиіс. 1-суретте бейнеленген Сингапур мемлекеті – ХХ ғасырда «экономи-
калық таңғажайып» жасаған бірден-бір ел. Дамыған елдер ірі компаниялары
мен трансұлттық корпорацияларын әлемнің көптеген елдеріне көшіру жоба-
сын ХХ ғасырдың екінші жартысында бастады. Осы кезде тәуелсіздігін жаңа-
2
дан алған Сингапур елі бірінші кезекте аумағы 719 км (дүниежүзінде аумағы
бойынша 171-орында), халқының жартысынан көбі кедей, табиғи ресурстары
жоқ (тұщы су мен құмның өзін көршілес елдерден тасу қажеттілігі болды)
аумақта шетелдік компанияларды қызықтыру үшін экономикалық «айлақ»
127

