Page 123 -
P. 123

textbooks nis edu kz
          рынан жиналған тауар Нью-Йорк портына шоғырланып, бұл жерден бір жыл
          ішінде 140 млн тоннаға дейін жүк әлемнің басқа елдеріне тасымалданады.
          Теңіз көлігіне бүгінгі күндері әлемдік жүк тасымалының 80%-ы тиесілі. ХХ ға-
          сырдың 50-жылдарынан бастап теңіз көлігінде контейнерлік тасымалдау әдісі
          қарқынды дами бастады. Мысалы, осы күндерде жүк сыйымдылығы 132 мың т
          контейнертасымалдаушы кемелер бар. Контейнерлік тасымалдау бағасы тиімді,
          бірақ өте көп уақыт қажет. Шанхай порты дүниежүзінде жүк қабылдау бойын-
          ша бірінші орында. Жылына порт 700 млн тоннадан астам жүк қабылдайды.
          Шанхай портына әкелген тауар тез арада автомобиль көлігі арқылы елдің ішкі
          аудандарына жөнелтіледі. Автомобиль көлігі – әуе көлігінен кейінгі ең жылдам
          көлік түрі, соған қарамастан әуе көлігінен әлдеқайда арзан. Алайда автомобиль
          көлігі тауарға деген бағаның қосымша артуына әсер етеді. Өйткені бұл көлік
          түрі салыстырмалы түрде қымбат.

                         Автомобиль жолдары
          97418 км
                         Әуе көлігі жолдары
          82200 км

                         Құбыр көлігі ұзындығы
          26963 км

                         Темір жол көлігі ұзындығы
          15372 км

                         Су көлігі ұзындығы
          4000 км

                                                 2-сурет


          ?   1. 1-суретте қандай көлік түрлері көрсетілген?
             2. Берілген көлік түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.
             3. Екі ел арасындағы сауда-саттық байланысында көліктің рөлін анықта.


           Сен білесің бе?
               Көлік инфрақұрылымының элементтері 4 бөліктен тұрады.
               1. Көлік құралдары – автомобильдер, кемелер, ұшақтар, локомотив.
               2. Жолдар (автомобиль жолдары, темір жол, құбырлар, әуе, теңіз).

               3. Ұйымдар (компаниялар, акционерлік қоғамдар).
               4. Тиеу-түсіру пункттері (теңіз порттары, әуежайлар, темір жол станциялары).


             Қазақстан көлік жүйесімен жақсы қамтамасыз етілген елдер қатарына жа-
          тады. Елімізде көліктің барлық түрі кездеседі. Дүниежүзінде темір жол көлігінің
          ұзындығы бойынша алғашқы 20 елдің қатарына, құбыр көлігі бойынша 15,
          ал автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша алғашқы 50 елдің қатарына
          кіреді. Қазақстан әуе кеңістігі арқылы 70-тен астам халықаралық әуе торабы



                                                                                                        123
   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128