Page 121 -
P. 121

Тапсырма  textbooks nis edu kz
          транспорты; көтерме сауда; электр, газ, сумен қамтамасыз ету; байланыс, ақпараттық қызмет
          көрсету, сонымен қатар құрамына жарнама, маркетингтік қызмет көрсету, аренда және ли-
          зинг, кеңес берушілік қызмет, инжиниринг сияқты іскерлік қызмет көрсету салалары кіреді.
             Әлеуметтік инфрақұрылым кешені – жұмысшы күшін қайта өндіруге және адамдардың
          өмір сүруіне материалдық-заттай әрі әлеуметтік-мәдени жағдайларды жасаумен байланыс-
          ты салалар кешені. Оның құрамына денсаулық сақтау, білім беру, бөлшек сауда, тұрмыс-
          тық-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтану саласы, үй шаруашылығы бойынша
          қызмет көрсету және т.б. кіреді.
             Инфрақұрылым элементтеріне: тұрғын үйлер, банк, емхана, театр, бизнес-сауда орта-
          лықтары, дүкендер, мектептер мен жоғары оқу орындары, көлік, зауыттар және де басқа
          жұмыс орындары жатады. Бір сөзбен айтқанда, инфрақұрылым – бізге күнделікті өмірде
          қажетті мекен ету ортамыздағы элементтер шоғыры.

          ?   1. «Инфрақұрылым» деген сөзді қалай түсінесің?
             2. Инфрақұрылымның қандай элементтерін білесің?
             3. Инфрақұрылым элементтерінің адам өміріндегі маңызы қандай?
             4. «Инфрақұрылымның дамуы экономикаға байланысты, ал экономиканың дамуы инфрақұрылымның
             болуына тәуелді» деген тұжырымды қалай түсінесің?
             Инфрақұрылымның басты саласы – ол көлік инфрақұрылымы. Қазіргі кезде көлік тасы-
          мал жүйесі – қандай да болсын экономиканың басты «қан жүретін тамыры». Ауданы ірі ел-
                                                                              дер қатарына жататын біздің
                                                                              Отанымыз – Қазақстан үшін
                                                                              көлік инфрақұрылымын да-
                                                                              мыту – алға қойылған басты
                                                                              мақсат. Әсіресе, транзиттік
                                                                              жол торабында орналасқан
                                                                              Қазақстан елі қазіргі кезде ең
                                                                              басты әлемдік экспорттаушы
                                                                              Қытай мен басты импорттау-
                                                                              шы Еуропаны байланыс ты-
                                                                              ратын көпір рөліне айнал-
                                                                              мақ.



                      2-сурет. Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы



                     Қазақстан аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің дәлізі
          өтеді. Бұл дегеніміз біздің еліміз арқылы миллиондаған тонна жүк тасымалданады, яғни, «жүкті тасымалдап
          өтетін көліктер саны да көбейеді» деген сөз. Осыны ескере отырып, Қазақстан аумағы арқылы «Батыс Еуропа –
          Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің дәлізі өтуіне байланысты SWOT-талдау жаса.

           Сенің кезегің
           1.   Инфрақұрылым кешені дегеніміз не?
           2.   Не себепті көлікті экономиканың «қан жүретін тамыры» деп атайды?
           3.   Сенің ойыңша, дүниежүзінде инфрақұрылым салаларының даму деңгейі бірдей ме? Жауабыңды дәлелде.



                                                                                                        121
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126