Page 119 -
P. 119

textbooks nis edu kz
             Қазақстан Жер шарында мұнай өндіруші 20 елдің қатарына кіреді. Республика-
          мызда 10-нан астам ірі мұнай-газ алаптары белгілі. Бұл алаптарда өндірілген мұнай
          еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында өңделеді (Атырау, Павлодар, Шымкент).































                                            2-сурет. Негізгі мұнай алаптары

          ?   1. Мұнайды өңдеу технологиясы туралы не білесің?
             2. Мұнайдан қандай тауарлар өндіріледі?
             3. Мұнайды өндіру мен өңдеудің айырмашылығы неде?
             4. АКТ арқылы мазут, парафин, гудрон не үшін пайдаланылатын анықта.

             Негізгі мұнайлы-газды алаптар: Парсы шығанағы, Батыс Сібір, Еділ бойы,
          Орал, Солтүстік теңіз, Каспий маңы, Мексика шығанағы, Аляска, Маракайбо,
          Сахара, Гвинея шығанағы, Альберт құмдары.

          ?   1. ОПЕК ұйымы туралы не білесің?
             2. ОПЕК ұйымына мүше елдерді атап, картадан көрсет.
             3. Дүниежүзінің саяси картасын пайдаланып, негізгі мұнай алаптары мен елдерін сәйкес-
             тендіріп жаз.
             4. АКТ-ны пайдалана отырып, мұнай өндіру бойынша алғашқы 10 елді кескін картаға
             түсір.

           Шығармашылық жұмыс
           1.   АКТ және қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, өз қалауың бойынша бір табиғи

               ресурсты өңдеу технологиясының сызбасын сыз.
           2.  «Бір күн мұнай болмаса» деген тақырыпта таныстырылым әзірле.

           Сенің кезегің
           1.   Өндіріс факторларын ата.
           2.   Өндіру мен өңдеудің қандай айырмашылығы бар?
           3.   Мұнай өңдеу орталықтары мұнайды өндіру орталықтарымен сәйкес келмейтінін
               қалай түсінесің?
           4.   Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне баға бер. Болашағы қандай болмақ?



                                                                                                        119
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124