Page 132 -
P. 132

textbooks nis edu kz
                Қызмет көрсету саласын материалдық және материалдық емес деп бөлуге
            болады. Біріншісі материалдық: халыққа тұрмыстық және көліктік қызмет көр-
            сету; қоғамдық тамақтандыру, шаштараз, банк қызметі болса, ал екіншісі мате-
            риалдық емес рухани қажеттілікті қанағаттандырады. Оған білім беру, мұражай
            мен театр, ақпарат тарату, діни қажеттілікті қанағаттандыру жатады.




















            Графиктегі қызмет көрсету саласы бойынша өзгерістерді талдайық.
            •   1998–2016 жылдар аралығында қарқынды дамыған қызмет көрсету
                түрлерін өсу динамикасы бойынша 1, 2, 3-орындарға қойып сипатта.
            •   1, 2, 3-орындарда тұрған салалар неліктен жақсы дамыған деп ой-  Мақта тоқыма
                лайсың?
            •   Сызбадағы қызмет көрсету салаларын материалдық және материал-    кластеріндегі қосылған
                дық емес деп бөліп, динамикасын салыстыр.                        құнның тізбегі
            •   Қызмет көрсету саласы қазіргі қоғамда қандай деңгейде дамуда?

                                                                                  Сауда таңбасы
              Сен білесің бе?
              Қызмет көрсету саласы – экономикадағы үшінші саланың бірі. Эко-     Дайын тігін
              номиканың  өнеркәсіптік  және  ауыл  шаруашылығы  салаларына        бұйымдарын
              қарағанда  қызмет  көрсету  салалары  тауарлар  өндірісімен  айна-  тігу
              лыспайды. Экономиканың бұл саласына көлік қызметі, байланыс,
              сауда,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  басқару,  сот  жүйесі,  қаржы,
              сақтандыру және т.б. жатады. ЖІӨ қызмет көрсету саласының үлесі     Мата әрлеу
              жоғары және жұмыс істейтін адамдар саны көп болады. Бұл елдің       Мата жасау
              әлеуметтік-экономикалық  даму  деңгейін  көрсетеді.  Дамыған  ел-
              дерде бұл көрсеткіштер жоғары болады.                               Тоқыма жіп
                                                                                  жасау



            Сенің кезегің
                                                                                  Талшықты

            1.  Тігін және тоқыма қандай шаруашылық саласында дайын өнімге        мақта
                айналады?
            2.  4-суретке қарап, өз киіміңнің графикалық түрде кластерін құрастыр.
            3.  4-суреттегі мақта шаруашылығының кластерін шаруашылық түрле-
                ріне қарай жікте.
            4.  Қай салада жұмыс істейтін адамдардың жұмысы күрделі деп ойлай-   Шитті мақта
                сың? Неліктен?
            5.  Қай салада жұмыс істейтін адамдар тұтынушыға жақын болады?
            6.  Отбасы мүшелері қайда жұмыс істейді? Оны шаруашылықтың қай
                саласына жатқызуға болады?                                                  4-сурет



             132
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137