Page 152 -
P. 152
textbooks nis edu kz
нен, экономикалық жайттардан туындаған. Мысалы, балық
аулауға байланысты шегаралық тартыстар, су және орман
ресурстарын қолдану және т.б. Сонымен бірге бұл аймақтағы
ірі көлемдегі соғыстардың болуына сыртқы факторлар да
әсер еткен. «Қырғиқабақ соғыс» кезінде аймақтан тыс мем-
лекеттің тікелей араласуы да себеп болған. Дегенмен, 1990
жылдары АСЕАН-ның сәтті құрылуы бұл аймақтың, әсіресе,
Үндіқытай түбегі елдерінің бейбітшілікте өмір сүруіне және
саяси-экономикалық дамуына ықпал етті.
? 1. Саяси интеграциялық одақтар қандай мәселелерді шешуі мүмкін?
2. Экономикалық интеграциялардың құрылу мақсаттары қандай?
Сенің кезегің 2-сурет
Қазақстан картада көрсетілген қандай интеграциялық одақтар-
дың мүшесі?
Мен зерттеушімін
Берілген жоспар бойынша Қазақстан мүшелік ететін бір интег-
рациялық одақты зерттеп, бағала.
• Одақтың құрылу мақсаты және себептері.
• Одақтың атқаратын қызметі.
• Одақтың басқа елдермен қарым-қатынасы.
• Құрамындағы елдерінің интеграцияға бірігудегі тиімді және тиім-
сіз жақтары.
• Қызметіне баға бер. 3-сурет
Интеграциялық одақтардың картасы
4-сурет
152

